24 Мамыр, 2011

Жемқорлыққа қарсы саясат маңыздылығы айтылды

458 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Санкт-Петербургте өткен Бірінші халықаралық заң фо­ру­мы жұмысына Қазақ­стан Рес­публикасының Әді­лет министрі Рашид Түсіп­бе­ков қа­ты­сып, онда ол «Сы­­бай­лас жем­қор­лыққа және ақша қаража­тын заң­сыз аудару мен лаң­кес­тікті қаржыландыруға қарсы іс-әрекетті халықаралық және ұлттық құқықтық реттеу» мәселесі бойынша сөз сөй­леді. Пленарлық мәжілісті Ресей Фе­дерациясының Президенті Д.Мед­­ведев ашты. Форум жұ­мысына Еуропа Кеңесінің Мемлекеттік хат­шысы, Гаага кон­фе­ренциясының халықаралық жеке құқық бой­ын­ша Мемлекеттік хатшысы, Ресей Федерациясы, Нор­­вегия, Швеция, Словения, Польша, Бельгия, Үндістан, Түр­кия елдерінің әді­лет министрлері, АҚШ Бас про­курорының орын­басары, профессорлар мен Еуропа елдері адвокаттар алқасының төрағалары қатысты. Р.Түсіпбеков жемқорлық ха­лық­аралық қауымдастықтағы кез келген мемлекеттің беделіне нұқ­сан келтіріп, жүргізіп отырған эко­номикалық және әлеуметтік рефор­маларына кедергі жасап, ел қауіп­сіз­дігіне қатер төндіретіні туралы айтып өтті. Министр Қа­зақ­стан қа­жетті заң шығару негізін қалып­тас­тыра отырып, ТМД ел­дері ара­сын­да алғашқылардың бірі болып сы­байлас жемқор­лыққа қар­сы күрес туралы заң қабылдады, деді. Дөңгелек үстелге қатысқандар Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі жанындағы кон­сультациялық-кеңес орган­да­ры қызметі, сонымен қатар, сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәселелері бойынша жа­са­лып жатқан жаңа заң шығару бас­тамалары туралы хабардар болды. Әділет министрлігінің бас­шы­сы электронды үкімет тақыры­бы­на жеке тоқталды. Атап айтқанда, Р.Түсіпбеков қазіргі таңда Қа­зақстанның электронды Үкімет порталы арқылы 70-тен аса элек­тронды және 2000 ақпараттық қызмет көрсетілетінін, 10 мың шамасында электронды анық­та­ма берілетінін атап өтті. Сөзін қорытындылай келе, министр елде жүргізіліп келе жатқан жем­қорлыққа қарсы саясат жүйе­лі­лігінің маңыздылығын атап өтті деп хабарлады Әділет министр­лі­гінің баспасөз қызметі. «Егемен-ақпарат».