24 Мамыр, 2011

Палата отырысының күн тәртібі бекітілді

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­новтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті оты­ры­сы өтті. Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шы­ғарылатын мәселелер сараланды. Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бірнеше заң жобасы депутаттардың талқысына шыға­рылатынын хабарлады. Олардың арасында Қазақстан Респуб­ли­ка­сы мен Француз Республикасы, сондай-ақ Қазақстан Республика­сы­ның Үкіметі мен Ресей Феде­рациясының Үкіметі арасындағы келісім мен хаттаманы бекітуді көздейтін заң жобалары бар. «Зият­керлік меншік құқықтарын қор­ғау мен сақтау саласындағы бір­ыңғай реттеу қағидаттары ту­ралы келісімді ратификациялау туралы», «Кеден одағы шең­бе­ріндегі даулар бойынша шаруа­шы­лық жүргізуші субъектілердің Еуразия экономикалық қоғам­дас­тығының сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартты ратификациялау туралы», «Қазақ­стан Республикасы мен Ха­лық­аралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жо­басы) ратификациялау тура­лы» заң жоба­лары да күн тәр­тібіне енгізілді. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Халықтың көші-қоны туралы» және кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны мәселелері бойынша түзету енгізуді көздейтін заң жобаларын екінші оқылымда күн тәртібіне енгізуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті қолданыстағы заңдарға қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңна­масын жетілдіруді қарастыратын заң жобасын екінші оқылымда талқыға салуды ұсынып отыр. «Егемен-ақпарат».