Кеше Шынтас тұйық көшесіндегі №6 үйдің алдындағы алаңқайда орын алған автокөлік жарылысына орай қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға орнын қараған жедел-тергеу тобы S103ТЕМ мемлекеттік нөмірі бар қызыл түсті, 1991 жылы шығарылған «Ауди-100» маркалы автокөлікті және еуропалық нәсілді екі ер адамның денелерін, оған қоса 1962 жылы Қырғызстанда туған, Павлодар облысы Екібастұз қаласында тұратын Кельплер Дмитрий Юрьевичтің атына берілген көлік жүргізушінің куәлігі мен аңшылық билет және 1985 жылы туған, бұрын ұрлық, алаяқтық жасағаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен келген затты сатып алып, сатқаны үшін сотталған Екібастұз қаласының тұрғыны Черемухин Иван Александровичтің атына берілген төлқұжат, сонымен бірге жарамсыз болған «Сони-Эриксон» маркалы ұялы телефонын тапқан. Кімдер екендігі әзірге белгісіз адамдардың өліміне, алдын-ала болжам бойынша түтінсіз, жарықшағы жоқ жарылғыш заттың өздігінен іске қосылуы себеп болған көрінеді. Оқиға болған жерді қарау барысында отқа оранған көлік тұрғын үйлерден алшақта алаңқайда тұрғаны анықталды. Жарылыстың екпінінен кейбір ғимараттардың терезе шынылары шытынаған, ал айналадағы көліктерге ешқандай зиян келмеген. Осы жағдайлар лаңкестік әрекет белгілерін жоққа шығарады. Қазір аталған жарылыс бойынша техникалық сараптама тағайындалып, қажетті тексеру жұмыстары жүргізілуде, дейді Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. «Егемен ақпарат».
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49