25 Мамыр, 2011

«Кел, еркем, Алатауыңа!»

974 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дәулескер күйші, дарынды композитор, арқалы дирижер Нұр­­ғиса Тілендиев атындағы «Кел, еркем, Алатауыңа!» атты ән­шілер мен күй­шілер кон­курсы Жамбыл облысы әкімдігінің қол­дауымен және об­лыс­тық мә­дениет бас­қар­масы мен об­лыстық халық шығар­машылығы ор­талы­ғы­ның ұйым­дас­тыруымен ал­­­ғаш рет Талас ау­данының орта­лы­ғы Қаратау қа­ла­сында өткен бо­латын. Міне, содан бері күмбірле­ген күй мен шалқыған ән бәсе­кесіне ел таланттарымен бірге Моң­ғолия, Қытай, Қырғызстан, Өз­бек­стан сияқты алыс-жақын шет елдерден келген өнерпаздар да бақ сынап келеді. Жамбыл мен Кенен дүниеге келген өңірдің мәдени мерекесіне ай­налған осы дәстүрлі конкурс биыл Байзақ ауданында өтіп, оған еліміздің Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Ақмола, Жамбыл об­лыс­тары мен Астана, Алматы, Шым­кент қалаларынан 37 үміт­кер келді. Енді олар жезтаңдай ән­ші және дәулескер күйші ата­лымдары бойынша бақ сынамақ. Қазылар алқасының төрағасы Қазақстанның халық әртісі Нұр­ғали Нүсіпжанов. Ән мен күйдің бәсекесі мәресіне 26 мамыр күні жетеді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.