Облыста бірқатар кадрлық алмастырулар орын алды. Осыған дейін Сарқан ауданының әкімі болған Әлібек Жақанбаев облыс әкімінің өкімімен Алакөл ауданының әкімі қызметіне кірісті. Бұған дейін облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметіндегі Тұратбек Шарапиев Сарқан ауданының әкімі болып тағайындалды.
Аталған аудандардағы мәслихат депутаттары мен актив жиынына облыс басшысы Ансар Мұсаханов қатысып, жаңа тағайындалған әкімдерге Елбасының жолдауларындағы тапсырмаларды мүлтіксіз орындау, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу мен ауыл шаруашылығын дамытып, егістіктен шығып қалған алқаптарды қайта айналымға енгізу, туризмді дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытындағы міндеттерді тапсырды.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.