24 Мамыр, 2011

Елбасы қабылдады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төралқасы Төрағасының бірінші орын­басары Талғат Мамашевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу кезінде Т.Мамашев Пре­зидентке Қазақстанның елор­да­сы Астанада өтетін Дүниежүзі қазақтарының төртінші құрыл­тайы­на дайындық барысы ту­ра­лы баяндады. – Құрылтайға 35 таяу және алыс шет елден 380 делегат, сондай-ақ Алматы мен Астана қалалары­нан, еліміздің өңірлерінен 300-ден астам өкілдер шақы­рылды. Биылғы жылғы құрылтайдың бір ерекшелігі, делегаттардың 60 пайыздан астамын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды, – деді Т.Мамашев журналистерге арналған брифингте.