28 Мамыр, 2011

Салада жүйелілік байқалады

419 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Денсаулық сақтау министрлігінің және «СҚ-Фармация» ЖШС компаниясының басшылығымен кездесіп, еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйым­дардың бірыңғай дистрибъюциясын жетілдіру мәселелерін талқылады.

Па­латаның Әлеуметтік-мә­де­ни даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов басты мақсат денсаулық сақ­тау саласын дамы­ту және дәрі-дәрмек құрал-жаб­дықтары мен өнім­дерінің бір­ыңғай дистрибъю­ция­сын жетілдіруде қалыптасқан мәселелерді талқылау екендігін ерек­ше атап көрсетті. Тәуелсіз­дік­тің алғашқы жылдарынан бастап Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлт ден­саулығын нығайту жөнінде саясат жүргізіп келеді. Денсаулық сақтау жүйесін күшейтуге ба­ғыт­­талған жаңа міндеттер 2011-2015 жылдарға арналған  «Сала­матты Қазақ­стан» мемлекеттік бағдарлама­сын­да көрініс тапқан. Үстіміздегі жы­лы денсаулық сақтау саласын қар­жыландыру ІЖӨ-нің 3,2 пайызын құрап, жоғары оқу орын­дарының, институттар мен ғы­лыми-зерттеу орталықтарының, са­нитарлық-эпи­­­­демиологиялық және емдеу-сауықтыру мекемеле­рінің ма­те­риал­дық-техникалық ба­за­сын ны­­­ғайтуға жағдай жасап отыр. Са­ланы қаржыландыру көле­мінің артуымен, денсаулық сақ­тау кадр­­ларын даярлау жүйесін қар­жы­ландыру және басқарудың жаңа принциптері, ауруханалық корпоративтік басқару принциптері, ин­новациялық технология­лар­ды ендіру мен ғылымды дамыту, ме­дициналық қызметтің қауіпсіздігі мен сапасын бас­қару тетіктері, инвестициялық саясат­ты жетілдіру, денсаулық сақ­таудың бірыңғай ұлттық жү­йесін ендіру ел тұр­ғындары ден­саулы­ғындағы негізгі көрсет­кіш­терді жақсартуға мүм­кіндік берді. Елімізде ана мен бала және әлеу­меттік маңыздағы аурулар саны мен өлім азайып келеді.

Комитет төрағасы ел дамуы­ның жаңа кезеңінде мемлекет саясатының бір бағыты денсау­лық сақтау жүйесінде жо­ғары техноло­гияларды дамыту және медици­налық қызмет сапа­сын арттыру екендігін баса айтты. Саланы 2020 жылға дейін страте­гиялық дамыту тұрғы­сын­­да дәрі­герлік қызмет көр­сету сапасын көтеру, оның ішінде дәрілік заттар мен меди­ци­налық мақсаттағы бұ­йым­дардың бір­ың­ғай дистрибъ­ю­­ция­сын енгізу мәселелерінің ма­ңызы зор. Жү­йе еліміз бойынша дәрі-дәрмек­тердің логистикасы мен сақтау тәртібін ретке келтіріп, импорт­таушылар мен дис­трибъю­тер­­лерден ұтымды баға­мен дә­рілерді сатып алуды жү­зеге асы­руды, қымбат дәрі-дәр­мек­тер лоббиін болдырмай, ал­дыңғы қатарлы батыстық стан­дарт­тарға «дә­рі-дәр­мектерді дис­трибъю­ция­лау мен сақ­­тауды, сатып алу жө­ніндегі тәжі­ри­белерге» жауап беретін мемлекеттік сатып алу рыногын ашық етуді қамта­масыз­дан­ды­руды қа­рас­тырады. А.Бижанов депутаттар дә­рі­лік заттардың бір­ыңғай дистри­бъю­циясын енгізу жөнін­де Ден­саулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» қабыл­даған шаралар денсаулық сақтау жүйесін да­мыту үшін бюджет қаржысын қан­шалықты тиімді пайдаланы­латыны туралы білгісі келетіні жайында айтты.

Сенатор С.Аяғанов өз кезегінде амбулаторлық дәрілік қамтама­сыз етуді енгізудің қанатқақты жобасын іске асыруға ерекше назар аударды. 2011-2015 жылдарға арналған «Сала­матты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру ая­сындағы жобаларда ауылдық дәрі­хана жүйесін кеңей­ту көзделіп отыр. С.Аяғановтың пікірінше, бұл жұмыс дәрілерге қол жеткізу дең­гейін арттырып, ауыл тұрғында­рына көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады.

Талқылау барысында Денсау­лық сақтау министрі С.Қайыр­бекова, «СҚ-Фармация» ЖШС бас директоры С.Баймұқанов сөз сөй­леді. Министр өз сөзінде ауылдық елді мекендерді дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз ету тетіктерін жетілдіру қолға алынға­нымен бөлісті. Сон­дай-ақ жоғары медициналық оқу орнын бітірген түлектерді баяғыдай ауылдық жерлерге жолдама арқылы жіберу қолға алынатынын да жеткізді. Биылдан бастап медицина­лық оқу орын­да­рында бакалавр мен магистрлік бойынша оқуды жал­ғастыру жү­зеге асырылатын бола­ды. Осы орайда ауылдық жерлердегі учас­келік дәрігерлердің ана мен бала денсаулығына жауапкершілігін арттыру және олар­дың өлі­мін болдырмау мақса­тындағы жұ­мы­сын ынталандыру үшін қо­сымша қаржы қарас­тырылып жат­қанын тілге тиек етті.

«СҚ-Фармация» ЖШС бас ди­рек­торы Сыздық Баймұқанов Бір­ыңғай дистрибъютер денсау­лық сақтау ұйымдарына дәрілік зат­тардың жеткізілуі үдерісін қал­пына келтірді дегенді атап өтті. Үстіміздегі жылдың 4 айы ішінде аталған компания өткен жылдың осы кезеңімен салыс­тыр­ғанда тауар тиеу көлемін 3,6 есеге арт­тырған. Қаржылай ал­ғанда тиеу 6,4 миллиардтан (2010 жылы) 23,3 миллиард тең­геге дейін көтеріл­ген. Бас дирек­тордың мәліметіне қарағанда, компания медициналық ұйым­дар­мен 31,3 миллиард теңге сомасында шарт жасасқаны белгілі болып отыр.  Осы ретте Ден­саулық сақтау министрлігі «СҚ-Фар­ма­ция» ком­па­ния­сымен бірлесіп, «Са­ла­мат­ты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәй­кес тегін дә­рілік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге кірісіп кеткен. Мұн­дай тегін дәрілерді сирек аурумен ауыратындар үшін қымбат пре­параттарға және бар­лық қал­ған препараттарға бөлу  ұсыны­лады. Компания же­тек­ші­сінің сөзіне қа­рағанда, қымбат сана­латын инсулиндер Бірыңғай дис­трибъютер арқылы жарты­жыл­дық қормен сатып алынады. Кең таралған және созылмалы аурулармен ауы­ра­тын­дар үшін дәрі­лік құралдар мен дәріхана­ларды еркін таң­дауға мүмкіндік беріледі. Бұдан басқа, халық­аралық тә­жірибеге сәйкес па­циент­тердің ав­томат­тандырыл­ған тіркелімін құру ұсы­нылып отыр. Сөз соңында Сыздық Баймұқанов былай деді: «Пациенттер дәрілік заттар мен ме­дициналық көмек көрсету дең­гейіне және бюджетке, меди­циналық қызмет сапа­сына тәуел­сіз үздіксіз қамтамасыз етілуі тиіс. Науқасқа медициналық көмек көр­сету уақытында жүзеге асы­рылуы тиіс».

Кездесуді қорытындылаған комитет төрағасы Ақан Бижанов бұл талқылау мемлекеттік сатып алу рыногының айқын­ды­ғына, қазір­гі заманғы стан­дарт­тарды және дәрі­лерді са­тып алу, сақтау және дистри­бъю­циялау тәжіри­бесін енгізуге ықпал ететінін ерекше атап өтті. Жан-жақты және сындар­лы пікір алмасу, сондай-ақ кездесуге қатысушы­лар айт­қан ұсы­ныстар мемлекеттік дә­рілік саясатты жетілдіріп, тұтас­тай денсаулық сақ­тау жүйесін да­мытудың мәсе­лелерін шешуге қызмет етуі тиіс.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.