Елорданың қайталама нарығына жасалған зерттеу қорытындысы бойынша, 16-22 қаңтар аралығында теңгемен белгіленген баға 1,26 пайызға азайып, доллармен қойылған баға 1,04 пайыз қымбаттаған.
Астанада үй алу қазіргі таңда орташа есеппен 26 339 000 теңге тұрады. Жеті күн ішінде бұл көрсеткіш 1,99 пайызға арзандады. Ең қымбат деген үйлер шаршы метріне 491 мың теңге болса, ең арзандарының шаршы метрі 262 мың теңге.
Сарапшылардың пікірінше, 2017 жылы баспана бағасы арзандауы тиіс.