08 Маусым, 2011

«Жас қанаттың» жүлдегері

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Арқа төсін ән мен жырға бөлеген «Жас қанат» ән бай­қауында  Ел Тәуелсіздігінің мерейіне арналған өнерлерін әр қы­рынан көрсетуге талпын­ған жастар шынайы бәсеке бары­сында бақ сынады. Еліміздің әр тара­пынан үкілі үмітпен сынға түс­кен сол әнші­лердің арасында Жетісудың қырмызы қызы Арай­­лым Қалмұханбетова да бар еді. Жас әншінің шыр­қаған әні өнерсүйер қауымнан өз бағасын алды. Жыл басында 300 талап­кердің ара­сынан іріктелген 15 үміткердің қатарынан көрін­ген Арайлым жеті­сулықтардың на­мы­сын жібермей, жүлделі екін­ші орынды иеленді. Бұл оның ал­ғашқы жетістігі емес, бұған дейін де халық­аралық фестивальдерден екі мәрте бас жүлдемен оралғанын айта кеткеніміз жөн. Жерлестері әнші қыздарын жадырай қарсы алып, құшағын гүлдестеге орады. Арайлым да өзіне қамқор болған облыстық мәдениет басқарма­сын­дағы бас­шылар мен демеушілік көрсет­кен қамқор азаматтарға риясыз алғысын жеткізді. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.