«Астана ЭКСПО 2017» қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай туғызу мақсатында «Астана» концерт залының алдындағы алаңға ұялы телефон қуаттайтын автономды бағаналар мен орындықтар орнатылды», – деп хабарланды Сарыарқа ауданы әкімдігінің ресми парақшасында.
Аталған нысандар күн батареялары арқылы қуат жинауға негізделген және энергиялық тиімділігімен ерекшеленеді.