Қаржы • 25 Қаңтар, 2017

Ауыл шаруашылығына инвестиция көбейді

1846 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2016 жылы ауыл шаруашылық саласын қолдауға бөлінген инвестиция 253 млрд теңгеге өсті.

Ауыл шаруашылығына инвестиция көбейді

Ал өндіріс 5,5 пайызға көбейді. Бұл соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш деп хабарлайды  Finprom.kz сарапшылары.

2016 жылы салым сомасы 253 млрд теңгені құрады. Ол 2015 жылға қарағанда 51 пайызға көп. Нәтижесінде экономикаға салынған барлық инвестициялардың ішінде ауыл шаруашылығының үлесі 3,3 пайызға өскен.

Инвестицияның мұндай жылдам өсімі шаруалардың да өз кәсіптерін дамытуға қосқан үлесінің арқасында болып отыр дейді сарапшылар.

2016 жылы шаруалардың өздері қосқан салым мөлшері 53 млрд теңгені құрады (39%). Бірақ ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қарыз ресурстарға тәуелділігі артқан. Инвестициядағы банктік кредиттер мен қарыздың үлесі 2015 жылы 18 пайыз болса, өткен жылы 25 пайызға жеткен. Бір жыл ішінде алынған кредит көлемі 33 млрд теңге болған. Негізінен соңғы екі жылда ең көп мөлшерде кредит алған «КазАгро» холдингі(45%).