Парламент • 05 Мамыр, 2017

Кейбір заңнамаларға өзгерістер таныстырылды

220 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір конс­титуциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасының тұсаукесері өтті. Оның жұмысына палатаның вице-спикері Владимир Божко қатысты.

Кейбір заңнамаларға өзгерістер таныстырылды

Отырысты жұмыс тобы­ның жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа ко­митетінің төрағасы Нұр­лан Әбдіров жүр­гізді. Ал заңға қатысты өзгерістермен Әділет министрі Марат Беке­таев таныстырды.

Заң жобасы бойынша өзгеріс­тер сегіз Конс­титу­ция­лық заң­ға енгізіледі («Сайлау туралы», «Парла­мент және оның депу­тат­тары­ның мәртебесi туралы», «Республикалық референдум туралы», «Үкімет туралы», «Пре­­зидент туралы», «Конс­титу­циялық Кеңес туралы», «Тұңғыш Президент – Елба­сы туралы», «Сот жүйесі мен судья­лардың мәр­тебесі туралы»).

Әділет министрі: «Прези­дент туралы» Конституция­лық заңда Президенттің өкілет­тіктері конс­титуциялық түзетулерге сәйкес келтірі­ле­ді. Атап айтқан­да, Пре­зи­дент Парламент Мәжі­лі­сі­мен консультациялардан ке­йін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүше­лерін қыз­метке тағайындайды. Соны­мен қатар, Парламент де­путаттары Конституцияда бекі­тілген тәр­тіп­пен (57-бап, 6-тармақша) Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы өтініш жасаған жағдайда, Пре­зи­дент оны қызметінен бо­са­­­тады. «Президент туралы» Конс­титуциялық заңнан Пре­зи­­дент­тің келесі заң шы­ғару функциялары алынып тасталады: заң күші бар жар­лық­тар шығару, заң жобасын шұғыл деп жария­лау, Үкiметке заң жобасын Мәжi­лiс­ке енгiзудi тапсыру және Үкі­мет актілерінің күшін жою. «Тұң­ғыш Президент – Елбасы тура­лы» Конституциялық заңда Қазақ­станның Тұңғыш Прези­дентінің «Елбасы» ретін­дегі атауы мен мәр­тебесіне қатысты түзетулер ен­гі­зіледі», деп таратып түсін­дірді.

«Парламент және оның депу­таттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заң жаңа жиырма екі де бір (22-1) бабы­мен то­лық­тырылады. Ол Үкі­мет мү­шелері кандидатураларын Мә­жіліспен келісу тәртібін анық­тайды. Консультациялар Мәжі­­лістің тиісті тұрақты коми­теттерінде өтетін болады. Тиісті кандидатураларды Премьер-Министр немесе ол өкілеттік берген лауазымды тұлға ұсынады. Әрбір талқыланатын кандидатура жөнінде Мәжілістің тиісті комитеті қорытынды шығаратын болады.

«Үкімет туралы» Консти­туциялық заңда, конс­ти­туциялық түзетулерге сәйкес, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды жою бойынша өзгерістер енгі­зіледі. Сонымен қатар, Үкі­­мет­тің Президент пен Пар­ла­мент арасындағы қарым-қаты­на­сын реттейтін нормалар бекі­ті­леді. Үкімет Пар­ламент Мә­ж­і­лі­сінің өкілеттік мерзімі аяқ­тал­ғанша қызмет етеді және жаңа­дан сайланған Парламент Мәж­ілісінің алдында өкілеттігін тоқта­тады. «Сайлау туралы» Конс­ти­туциялық заңда сайлау­шы­лар мен сайлау үдерісі­не қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақ­сатын­да түзетулер көзделген.

Сонымен қатар, министр Президенттікке кандидатқа қойылатын қосымша талаптар енгізілгенін мәлімдей келіп, былай деп атап өтті. Олар:

- мемлекеттік қызметте немесе сайланатын мемлекеттік лауа­зым­дарда кемінде 5 жыл тәжіри­бесінің болуы,

- міндеттерін орындауға кедер­гі болатын аурулардың жоқты­ғын растау (ол үшін меди­ци­налық куәландыру өтеді).

Баяндамадан кейін министр депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Заң жобасының танысты­рылымына мемлекеттік орган­дар мен парламенттік емес сая­си партиялардың, үкі­мет­тік емес ұйымдардың өкіл­де­рі мен саясаткерлер және сарапшылар қатысты.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, 

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар