05 Мамыр, 2017

Жемқорлықпен күрес адалдықты дәріптеуден басталады

367 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Физика мен астрономия ғы­лым­дарында «қара құрдым» деген түс­і­нік бар. Жерден пәленбай милли­он жарық жылындай қашықтықта ор­наласқан, көптеген алып пла­­не­талар еркін сыйып кете ала­тын­дай кеңістікті қамтитын, ай­на­ла­сын­дағылардың бәрін жалмап жұ­тып ала­тын бір ғажап дүние. Оның ма­ңайына жақындағанда, жарық жыл­дамдығының өзі баяулап, уа­қыт тоқтап қалады деседі. Осы «қа­ра құрдымның» бар екендігіне не­месе жоқ екендігіне әлі күнге дей­ін ғалымдар талас қылып жатады.

Жемқорлықпен күрес адалдықты дәріптеуден басталады

Біздің сыбайлас жемқорлықпен күресіміздің өзі бір есептен алғанда осы «қара құрдымды» еске сала­тын­дай. Күрес ондаған жылдан бері аяусыз жүргізіліп жатыр. Бірақ жемқорлықтың тыйла­тын тү­­рі жоқ. Неге? Өйткені, күрес кү­шей­генімен, жемқорлықтың өзі де жыл өткен сайын дамып, жаңағы «қа­ра құрдым» секілді күрес нә­ти­желерін жалмап жұтып жатқан се­кілді. Сонымен, құдіретті «қара құр­дымның» алдында ештеменің бая­нсыз болып шығатындығын айтып, физиктер дәрменсіздік танытса, терең тамыр жайып алған сы­байлас жемқорлықпен күресте біз­дің құқық қорғау органдары да пұ­шайман күй танытатын секілді. Өйт­кені, сыбайлас жемқорлықтың құр­бандықтары бар, бірақ оның нә­т­и­желері байқала бермейді. Бәлкім, мы­нанша қылмыскерді ұстадық, мынанша миллион теңгені мемлекетке қайтардық деген цифрлар бар болар. Бірақ оның адам санасына әсер ететіндей, сананы сілкіндіріп, арды тазалайтындай нәтижелері болмай отырғаны шындық.
Біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлықпен күресте біз кешегі ке­ңес­тік идеологияның озық тәсілдерін па­й­далануымыз керек. Қоғамға қа­ты­сы бар белгілі бір ауқымды саяс­и на­уқанды ұйымдастырғанда кеңес идеологтары қайтушы еді? Алдымен жақсы адамды, жақсы образды іздеп тауып, соны қоғамға үлгі ететін. Жамандықты жақсылыққа қарай б­ұруға тырысатын. Осыдан барып жақсылық пен жамандықтың, адал­дық пен арамдықтың арасы ал­шақ­тап, адамдар осы екеуінің біреуін таң­дауға мәжбүр болатын.
Ендеше бізге де сыбайлас жем­қор­лықпен күресті идеологиялық тұр­­ғыдан алғанда адалдық пен арам­дық­тың күресі ретінде құру керек. Ол үшін қоғамдағы адал адамдарды тауып,
соларды насихаттауымыз керек. Мұ­­нымен де тынбай, адал адамдарға сая­­си тұрғыдан да, идеологиялық тұр­ғыдан да, экономикалық тұрғыдан да артықшылықтар беруге ұмтылуымыз керек. Еліміздің кадр саясатында адалдық ең бірінші өлшемге айналуы тиіс. Қызмет бабында адал адамдар өссін. Ол адал адамдар айналасына адал жастарды шоғырландырып, қоғамға мемлекеттік қызметке беріл­ген­­діктің таза үлгісін ұсынатын бо­ла­ды. Ал адалдықтың туы жоғары кө­­терілген кезде арамдықтың құты өзі­нен өзі қашатындығы түсінікті. Мі­не, сыбайлас жемқорлықты біз осыл­ай ғана жеңе аламыз. 
Егер шын ниет болса, негізінде адал адамдары іздеп табу қиын емес. Олар сөйлеген сөзімен, іс-әре­ке­­тімен өзінен өзі көрініп тұрады. Онан кейін оның айналасындағы қоғамдық пікірге құлақ түрсеңіз болды. Сізге кімнің кім екендігін ашып береді. Жалпы, философтардың сөзіне қарағанда, халық дегеніміз – ұй­ым­даспаған көпшілік. Осы ұйым­дас­пауының салдарынан ол тобырлық деңгейге дейін түсіп кетуі мүмкін. Яғни, арасынан мықты бір көшбасшы шық­паса, халық бір іске жұмыла ал­мауы немесе жиі қателіктерге ұры­нуы мүмкін. Бірақ, тағы да сол фи­лософтардың айтуы бойынша, ұйым­даспаған халық көп жағдайда бір нәрседен – тарихи жеке тұлғаға баға беруден қателеспейді екен. Мі­не, сондықтан да аумалы-төкпелі та­рих­тың қай кезеңінде болмасын жеке тұл­ғаға қатысты сарапшының да, та­рихшының да емес, философтың да, ақын мен жазушының да емес, тек халықтың берген бағасы ғана түпкілікті баға болып есептеледі. 
Ендеше, сыбайлас жемқорлықпен кү­­ресте адал адамдарды іздес­ті­р­г­ені­мізде, біз ол адамдар туралы ха­­лық­тың берген бағасымен санасып оты­руға тиістіміз. Сонда көп қа­те­леспейтін боламыз. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»