Аймақтар • 05 Мамыр, 2017

Ғылыми жетістіктер ауыл шаруашылығына қызмет етеді

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылық саласын ғылыммен сабақтастыра отырып дамыту ісін қолға алды.

Ғылыми жетістіктер ауыл шаруашылығына қызмет етеді

Осы мақсатта өңірге Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов бастаған 50-ге жуық ғалымдар мен профессорлар арнайы келіп, семинар кеңес өткізді.

«Елбасымыз биылғы Жолдауында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек» деген болатын. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Университетіміздің арасында екіжақты ынтымақтастық жөнінде мемарандумға қол қойылған. Ондағы мақсат – осы өңірдің ауылшаруашылық саласын ғылыми негізде дамытып, бірқатар салалардағы жаңашыл инновациялық идеяларды іске асыруға мүмкіндік туғызып, жақсы жетістіктерге жету», – деді Тілектес Есполов.

Семинар кеңесте Оңтүстікке арнайы келген ғалымдар мал шаруашылығы, ветеринария, бақша дақылдары, көкөніс пен жеміс-жидек, жылыжай шаруашылықтарын дамытуға арналаған инновациялық жобалармен таныстырып, аз шығынмен мол нәтижеге жетудің жолдары жайында пікір алысты.

Бақтияр ТАЙЖАН, 
«Егемен Қазақстан». 
Оңтүстік Қазақстан облысы. 

Соңғы жаңалықтар