75 килода жаңа есімдердің бірі Әбілхан Аманқұл. Афина олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың бапкері Нұрлан Ақүрпековтің төл шәкірті. Жұдырықтасуын көрген мамандар келешекте кәсіпқой боксқа өткен жағдайда, бағы жанатынына сеніп отырған жас түлектің бірі. Әйткенмен, Әбілхан жартылай финалда ринг иесі, 2015 жылдан бері жеңіліс көрмеген Исраил Мадримовтен төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды.
«Қолымнан келгенінің барлығын жасадым. Кездесу мен ойлағандай оңай болмады. Бұл жолы қарсыласыма өз деңгейімде қарсылық көрсете алмадым. Енді Исраилмен әлем чемпионатында кездескім келеді» – дейді Әбілхан.
Алмас МАНАП,
«Егемен Қазақстан» –
Ташкенттен