Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ливан Республикасының экс-Премьер-министрі, Парламент депутаты Фуад Синьорамен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ
«Украина Премьер-Министрі Н.Азаровпен телефон арқылы әңгімелестім», - деп жазды К.Мәсімов Twitter-де.
Сөйлесу барысында екіжақты қарым-қатынас мәселелері, Кеден одағы және Украина арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ Украина Премьер-министрінің Қазақстанға алдағы сапары талқыланды, делінген блогтағы хабарламада.
ЖАҢА БАСШЫНЫ ТАНЫСТЫРДЫ
ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Дін істері жөніндегі агенттік ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Мемлекет басшысының Жарлығымен аталған агенттіктің құрылғандығын айта келе, Премьер-Министр: «Бүгін мен Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифті Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағалығына тағайындау туралы қаулыға қол қойдым», деді.
Сондай-ақ, дін өте нәзік мәселе екендігін баса айтқан Үкімет басшысының пайымынша, мемлекет дінмен байланысты мәселелерде халықтық қозғалыстармен алдын-ала келісуі үшін жауапты саясат жүргізуі керек.
Өз кезегінде зор сенім артып отырған Үкіметке алғысын білдірген Қайрат Лама Шариф: «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында осындай шешім қабылдау, Дін істері жөніндегі агенттік құру – өте жауапты әрі маңызды іс. Сондықтан сіздермен бірге алға қойылған міндеттерді орындаймыз деген сенім білдіргім келеді», деді.