Бокс • 05 Мамыр, 2017

Ерік Әлжанов пен Василий Левит бокстан Азия чемпионатының финалына шықты (Видео)

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ХХIX Азия чемпионатында 81 кило салмақта сынға түскен Ерік Әлжанов пен 91 килода жұдырықтасқан Василий Левит қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, финалға жолдама алды.

Ерік Әлжанов пен Василий Левит бокстан Азия чемпионатының финалына шықты (Видео)

Былтыр Павлодарда өткен Қазақстан чемпионатында 75 килода финалға дейін жеткен Ерік Әлжанов салмағын ауыстырып, Азия чемпионатына 81 килода сынға түсуге келіпті. Жаңа салмақтағы алғашқы қадамы да жаман емес. Ерік жартылай финалда Түрікменстан боксшысы ті мерзімінен бұрын жеңіп, финалға жолдама алды. Финалдағы қарсыласы – Рио олимпиадасының күміс жүлдегері өзбек Бектемір Меликузиев. 

Ал 91 килода сынға түсетін Василий Левит 3 дүркін Азия чемпионы атағын иемденуге бір табан жақын. «Астана Арланс» сапында үнемі жеңіске жетіп жүрген елордалық жігітке жартылай финалда Сирия елінің боксшысы Алаа Елдин Госсяунмен жұдырықтасу бұйырды. Көпшілік күткендей Вася қарсыласын бірінші раундта-ақ «жарамсыз» етіп тастады.

Алмас МАНАП,

«Егемен Қазақстан» –

Ташкенттен

Василий Левит - Алаа Елдин Госсяун

Ерік Әлжанов - Нурягды Нурядиев 

Соңғы жаңалықтар