Президент • 05 Мамыр, 2017

Түрік газеті Қазақстан Президентінің мақаласын жариялады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның күнделікті шығатын VATAN газеті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түрік тіліне аударып басып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түрік газеті Қазақстан Президентінің мақаласын жариялады

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының мақаласы алғаш рет 12 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

«Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім», – деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламалық мақаласында.

Түркияның VATAN газеті 2002 жылғы 2 қыркүйекте құрылды. Тиражы 100 мың данадан асады. 

Соңғы жаңалықтар