08 Маусым, 2011

Сынаққа неге сызат түсті?

496 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Өткен жексенбі күні Жаңа­қор­ған ауданында мектеп бітірушілер Ұлттық бірыңғай тест тап­сырды. Әдетте, тест қоры­тын­дысы сол күні дайын болып, түлектердің тағдыры шешілетін еді. Дегенмен, қорытынды шық­па­ды. Түлектер тест орталығы­ның есігін түнімен торуылдаға­нымен, жинаған баллдарын біле алмай, беймәлім күй кешті. Сол күні 505 оқушы тестке кірген. Тапсырып шыққан. Мем­лекеттік құпия санатына жа­татын тест барысында қандай заңсыздықтардың орын алғаны дәл қазір нақты белгісіз. Бірақ, тест тапсыру кезінде өрескел қа­теліктерге жол берілген. Со­ның салдарынан тест қорытын­дысы жарамсыз деп табылған. Аталған жәйт жөнінде Жаңа­қорған ауданы әкімдігінде шұ­ғыл баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Білім және ғылым министрлігінің Қызылорда об­лы­сындағы өкілдері Ардақ Садықова, Исатай Сағындықов, облыстық білім басқармасының бастығы Жаңыл Жонтаева, Жаңақорған аудандық ұлттық бірыңғай  тестілеуді ұйым­дас­ты­ру  және өткізу жөніндегі мем­лекеттік комиссияның төр­аға­сы, аудан әкімінің орын­ба­сары  Болат Ибрагимов, аудан­дық білім бөлімінің бастығы Жұмабай Жәнібеков қатысып, мәлімдеме жасады. Болат Ибрагимов ҰБТ сына­ғы­ның 4 маусым күнгі алғашқы ле­гі­не қатысуға 515 түлек өтініш білдіргенін, алайда, оның 505-і ғана қа­тысқанын және олардың  толық­тай металл іздегіш құрал­дары­мен тексеріліп, кіргізілгенін айтты. Сонымен бірге ол сол күнгі сынақ қорытындысы Білім және ғылым  министрлігінің шешімімен жойы­лып, оқушылар­дың қайта сынақ тапсыратын­дығын  хабарлады.  Мұндай шешім қабылдауға не себеп болды? Мәселенің мән-жа­йына түсінбеген ата-аналар, сы­нақ­қа қатысқан көптеген оқу­шы­лар тарапынан сұрақтар туын­да­ған. Оның мәнісін Білім және ғы­лым министрлігінің облыстағы өкілі Ардақ Садықова былайша таратты:  – Бірыңғай ұлттық тестілеу ба­ры­сында мемлекеттік құпия құ­жат­қ­а қол сұғу әрекеті бай­қалды деген күмән туды. Мемлекеттік құпияның  ашылуы мем­лекеттің қауіпсіздігіне сызат са­лады. Оның анығын тиісті орын­дар тексеру үс­тінде. Сондықтан да әзірге осын­дай шешім шы­ғарылды, – деді ол.  Осы пікірді одан әрі жалғас­тыр­ған Исатай Сағындықов бұл келеңсіз жағдайға мектеп түлек­терінің қатысы жоқтығын айта келіп, бұл алаяқтардың жымысқы­лығының кесірі екендігін ескертті. «Балалардың болашағына залал келмесін деп Білім және ғы­лым министрлігі олардың қайта сынақ тапсыруына мүмкіндік жасап отыр. Сондықтан бұл жағ­дайға түсі­ністікпен қарап, олар­дың қай­та сынақ тапсыруына тиісті  жағ­дайды жасау керек», деді ол. Осы мәселеге орай, Білім және ғылым министрлігі Білім және ғы­лым саласындағы бақылау коми­тетінің хатымен таныстық. М.Бектемесов қол қойған хатта ҰБТ мате­риалдарын заңсыз түрде ашу фактісі тіркелгені, оған қатысты қылмыс­тық іс қозғалғаны тайға таң­ба бас­қандай болып таспаланыпты. Сонымен 10 маусымда мектеп бітірушілер қайта сынақ тапсы­ра­тын болады. Заң бойынша Ұлт­тық бірыңғай тесті қайта тап­сы­ру­ға жол жоқ. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері министр­ліктің арнайы шешімімен Жаңа­қорған ауданындағы түлектерге тағы бір мүмкіндік беріп отыр. Министрлік мырзалық танытқа­ны­мен, онымен келіспей отырған ата-аналар да бар. Олар «балаға екінші рет тестке кіру психоло­гия­лық тұрғыдан өте ауыр» деген уәжді алға тартады. Сөзде­рін­де қисын бар. Айналасы бір аптаның ішінде екі рет тест тап­сыру оңай емес. Оған баланың көңіліндегі аласапыран толқы­ныс­ты қоссаңыз, мәселенің шиеленісе түсетінін байқаймыз. Десек те, мәселеге екінші жағынан қарағанда, қайта тест тапсыру­дың маңыздылығы арта түседі. Біріншіден, тест қорытындысы жоқ. Сондықтан олар ешқандай оқу орнына құжат тапсыра алмайды. Бұл өмір бойына тірнектеп жиған білімі бір сәтте далаға кетті деген сөз. Екіншіден, өздерінің білім-білігін тағы бір сынап көруге мүм­кіндік туып тұр.   Жаңақорған ауданындағы ҰБТ тапсырудың екінші легі 6 маусым күні өтті. Бұл жолы ешқандай заң­сыздық анықталған жоқ. Алты бала алтын белгіге ие болды. Оннан астам түлек қызыл аттестатқа бітірді. Балалардың білім-білігі жоғары екені анық байқалды. Бүгінде облыс бойынша оқу­шы­лар тест тапсырып бітті. Ал­дын ала деректерге сүйенсек, орташа көрсеткіш 91 баллды құраған. Жаман көрсеткіш емес. Дей тұр­ғанмен, бір аудандағы келеңсіз оқи­ға бұған өз көлеңкесін түсір­мей қоймайтыны тағы да анық... Ержан БАЙТІЛЕС. Қызылорда облысы.