Медицина • 06 Мамыр, 2017

9 мамырға арналған мерекелік шаралар

351 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге орай елорда тұрғындары мен қонақтарына ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасы әзірленді. Шаралар алаңдарда, музейлерде, циркте жне театрларда өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

9 мамырға арналған мерекелік шаралар

6-9 мамыр 
10:30-18:30 Жеңіс ленталарын тарату. «Бәйтерек» монументінің жанында, «Хан Шатыр» СОСО алдында, алаңда, студенттер саябағында, «Mega Silk Way» СОСО 
8 мамыр 
9:00 – «Служение эволюции», «Алаш орда – Азаттықтың алтын күні», «Бейбіт күн жасасын» көрмелері. Тәуелсіздік сарайында. 
17:00 – Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт. «Астана» концерт залында. 
9 мамыр 
9:00 – «Служение эволюции», «Алаш орда – Азаттықтың алтын күні», «Бейбіт күн жасасын» көрмелері. Тәуелсіздік сарайында. 
10:00 – Даңқ гүл тізбегін қою. «Отан қорғаушылар» монументінің жанында. 
11:00 – «Парус» сахнасындағы концерт және палаталық қалашықтағы шаралар. «Отан қорғаушылар» монументінің жанындағы аумақта. 
12:30 – «Жаужүрек полк» шеруі, гүл қою. Тәуелсіздік даңғылының бойымен «Қазақ елі» мемориалды кешенінен бастап «Отан қорғаушылар» монументіне дейін. 
11:00 – Мерекелік концерт және халықтық серуен. Студенттер саябағында. 
11:00-18:00 – Мерекелік концерт және халықтық серуен. Алаңда. 
16:00 – Жеңіс күніне арналған цирктік бағдарлама. Астана циркі. 
12.00, 14:00 – «Сарбаздың бақырашы», ертегі. Қуыршақ театры (Республика даңғылы, 3). 
18:30 – В. Ежов, Т. Теменов «Тыраулап ұшқан тырналар» (лирикалық драма). Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында. 
18:30 – «Песни Победы, песни весны» мерекелік концерті. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында. 
22:00 – Мерекелік салют. Есіл өзенінің жағасында 
10 мамыр 
9:00 – «Служение эволюции», «Алаш орда – Азаттықтың алтын күні», «Бейбіт күн жасасын» көрмелері. Тәуелсіздік сарайында. 
19:00 – С. Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар», драма. «Жастар» театрында. 
19:00 – К. Людвиг «Примадонны», комедия. М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында. 

Соңғы жаңалықтар