Президент • 06 Мамыр, 2017

Елбасы Отан қорғаушылар күніне арналған концертке қатысты

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың «Қазақстан» Орталық концерт залында Отан қорғаушылар күні мерекесі мен ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай концерт өтті.

Елбасы Отан қорғаушылар күніне арналған концертке қатысты

Мерекелік концерт еліміздің Қарулы Күштерінің 25 жылдағы жеткен жетістіктерін көрсетіп, әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын, отаншылдығын дәріптеген деректі фильммен басталды. 
Іс-шараға еліміздегі барлық әскери бөлімшелердің үздік шығармашылық топтары, сондай-ақ, республикалық «Жас ұлан» мектебі мен «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушілері, Орталық ансамбль мен Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрі, өңірлік қолбасшылықтардың, Әке қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, десанттық-шабуылдау әскерлері мен Кадет корпусының көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты. Олар отаншылдыққа баулитын мағыналы әндер шырқаумен қатар, сахнада әскери өмірдің қыр-сырынан хабар беретін композициялық көріністерді де өрнектей білді. «Сарбаздар», «Барлаушылар әнұраны», «Байланысшылар», «Артиллерияшылар маршы», «Шығыс» және «Тәуелсіз Қазақстан», т.б. көптеген әндер көрермендерге ұсынылды. 
Александров атындағы Ресей армиясы ансамблі мен Қытай Қорғаныс министрлігінің Ван Лида ән-би ансамблінің жетекші солистері еліміздің Қарулы Күштерін құттықтап ән шырқады. 
Іс-шараға ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаев қатысты. 
Айгүл СЕЙІЛОВА, 
Фото: Орынбай Балмұрат, 
«Егемен Қазақстан».