08 Маусым, 2011

Қазақстан қызметін жоғары бағалады

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» халықтық-де­мо­кратиялық партиясының Ор­та­лық аппаратында кеше «Нұр Отан» партиясы Төраға­сы­ның бірінші орынбасары Нұрлан Нығ­ма­тулиннің «Литва Ха­лық­тық пар­тиясы» деле­га­ция­сымен кездесуі болып өтті, деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП-ның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төр­аға­сы Нұрсұлтан Назарбаев пен Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтенің арқа­сында біздің ел мен Литва ара­сында мық­ты іскерлік қатынастар орнағаны аталып өтті. Литва – Еуропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық жө­ніндегі ұйымға төрағалықты Қазақстаннан кейін қабылдаған ел. Литвалық делегацияның жетекшісі Казимира Прунскене Қа­зақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалы­ғы­на, сондай-ақ Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Астана қала­сында өткізілген ЕҚЫҰ Саммитіне жоғары баға берді. Нұрлан Нығматулин тәуелсіз­дік алғаннан кейінгі 20 жылда мемлекетіміздің Елбасы жетекшілігімен қол жеткізген жетістіктері туралы баяндап, «Нұр Отан» ха­лықтық-демократиялық пар­тия­сы мен Литва Халықтық пар­тиясы арасында орнаған тұрақты қарым-қатынастарды атап өтті. Сондай-ақ партияаралық үнқаты­суды кеңейту екі ел халық­тары­ның мүддесі үшін аса маңызды екеніне назар аударды. Кездесуде сондай-ақ партия­аралық ынтымақтастық мәселе­ле­рі талқыланды.