Үкімет • 08 Мамыр, 2017

Марат Иғали Туризм индустриясы департаменті директоры қызметінен кетті

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марат Иғали ҚР Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаменті директоры қызметінен кетті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Марат Иғали Туризм индустриясы департаменті директоры қызметінен кетті

«Құрметті достар! Қайта ұйымдастыру жұмыстарына байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаменті директоры қызметінен кетіп барамын, бірақ туризм мәңгі жүрегімде қалады», - деп жазды Иғали өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында.

Еске сала кетейік, Марат Иғали ҚР Инвестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаменті директоры қызметіне 2016 жылы 23 қыркүйекте тағайындалған болатын. Осы аралықта туризм саласында елеулі жұмыстар атқарылды - 2016 жылдың желтоқсан айында Иран мен Қазақстан өзара топтық туристік қатынасты жеңілдетілген режимі туралы келісімге қол қойды.

2017 жылдың қаңтар айында ҚР ИДМ экономикалық және саяси тұрғыда тұрақты мемлекеттер мен ЭЫДҰ-ға мүше елдер үшін визасыз режим енгізген болатын.

Бұның алдында М. Иғали еліміздің өзге де ведомстволарында түрлі лауазымдарды атқарған болатын. Соның ішінде Ақтөбе облысы әкімдігінің аппарат басшысы, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, ҚР Индустрия және жаңа теxнологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің басшысы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.