Қазақстан • 08 Мамыр, 2017

Елордада ардагерлерге Жеңіс күніне 500 мың теңгеден бөлінді

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері ҰОС ардагерлерін Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Елордада ардагерлерге Жеңіс күніне 500 мың теңгеден бөлінді

Қала әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні елордада ҰОС 121 ардагері тұрады. Соның ішінде 99 адам - соғысқа қатысушы, 22 адам - мүгедек.

Олардың барлығына Жеңіс күні қарсаңында 500 000 теңге көлемінде бірреттік төлем берілді. Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар 20 000 теңге көлемінде бір реттік төлемақы алды; соғысқа қатысушыларға теңестірілгендерге 10 000 теңгеден бөлінді.

Белгіленген ережеге сәйкес, ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға 400 млн теңгеден астам жалпы соманың түрлі әлеуметтік көмегі қарастырылған: коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайынғы ақшалай өтемақы төленеді, және санаторлық-курорттық ем-дом мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарастырылған.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге орай Астана қаласының басшылығы арнайы естелік альбом дайындады, ал Жеңіс күні қарсаңында елорда әкімдігінің қызметкерлері ардагерлері өздері құттықтады. Ардагерлердің үйлеріне бару кезінде азық-түлік өнімдері жеткізіліп, үйлерінде қажет көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде ардагерлерге құрмет көрсету рәсімі өтті: мерекелік үстел басында ҰОС қатысушылары, Ауғанстан соғысына қатысқан жауынгерлер, қала жастары жиналды.

Қала әкімдігінің өкілдері тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып құттықтап, азық-түлік жинақтарын табыс етті. ҰОС 15 ардагері мен тыл еңбеккерін тегін медициналық тексеруден өту жоспарланған.

5 мамырда Жеңіс күніне орай Әлия Молдағұлова ескерткішіне және «Екі жауынгер» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері майдан даласынан қайтпаған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Астана қаласы әкімдігінің аула клубтарының тәрбиеленушілері де игі шаралардан қалыс қалмады. Олар Л. Гумилев ат. ЕҰУ концерт залында мерекелік концерт ұйымдастырды. Шараға би ұжымдары, ЕҰУ әскери кафедрасының хоры және халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген домбырашысы Айбек Бекбосын қатысты.