09 Маусым, 2011

Веломарафоншының тәуелсіздікке тартуы

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жетісулық веломарафоншы Сәрсен Қасымов жасы елуден асса да өңірдегі аудан, қалаларды қос дөңгелекті «арбамен» аралауды жоспарлап, екі мыңнан астам шақырым жол жүрмекші. Еңбекшіқазақ ауданынан Үштөбеге аялдаған веломарафоншыны жұртшылық жылы қарсы ал­ды. Біреуі таңданса, енді біреу нағыз азамат деп жатты. Ол осында келгенше 750 шақырымды арт­қа тастапты. Ал, жорықшының мақсаты қарапай­ым ғана. – Жетісу – жұмақ мекен. Оның жасыл шал­ғыны мен сылдырай аққан өзені жаныңды рахатқа бөлейді, сергітеді. Ал, менің жорығымның мақсаты тіптен биік. Ол – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына өзіндік тартуым. Әрі биылғы Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттап, сала­мат­ты өмір салтын насихаттау, жастардың вело­спорт­қа деген қызығушылығын ояту, – дейді ол. Велоспортшыны қоршаған балалар оған расында да қызығушылық танытты. Жорықшыны біраз жерге дейін шығарып салып, кейін қайтты. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.