09 Маусым, 2011

Бірнеше заң жобасы мақұлданды

500 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­нов­тың жетекшілігімен өткен палатаның жалпы отырысында бірқатар заң жобалары мақұлданды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқа­ры­­луын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы респуб­ли­калық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқыға салын­ды. Депутаттар Қаржы министрі Болат Жәмішевтің және Рес­пуб­ликалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп коми­те­ті­нің төрағасы Омархан Өксік­баев­тың баяндамаларын тыңдады. Аталған есептер бойынша Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Төлебек Қосмамбетов қосымша баяндама жасады. Келесі кезекте «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқы­лым­да талқыға түсті. Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жа­сады. Қаржы және бюд­жет ко­митетінің мүшесі Тоқ­тар­бай Қа­дам­баев қосымша түсінік берді. Сондай-ақ «Қазақстан Рес­пуб­­ликасындағы арнайы эконо­ми­калық аймақтар туралы» заң жо­басы бірінші оқылымда қара­лып, мақұлданды. Осы заң жо­ба­сымен бірге «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы да қаралды. Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау баяндама жасады. Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс то­бы­ның жетекшісі, Мәжілістің Эко­но­микалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Жексенбай Дүйсебаев қосымша баяндап, жұмыс тобында атқарылған тал­қылауларға тоқталды. Заң жо­ба­сы бірінші оқылымда мақұл­данды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне эко­логиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға шығарылды. Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім баяндама жасап, заң жобасы туралы жан-жақты мағлұмат берді. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. «Мемлекеттік (муници­пал­дық) сатып алу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңның жоба­сы жөнінде де Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жасады. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мү­шесі Уәлихан Қоңырбаев қосым­ша баяндап өтті. Заң жобасы то­лықтай мақұлданды. Келесі кезекте «Ауыл шаруашы­лы­ғын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қа­ғи­далары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыға са­лын­ды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жа­уапты хатшысы Евгений Аман баяндама жасады. Аталған келісім 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалған. Осы келісімнің нысанасы ауыл ша­руа­шылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру қағи­даларын белгілеу болып табылады және тараптар мемлекеттерінің Бірыңғай эко­номикалық кеңістігінің аумағында қол­данылады және ауыл шаруашылығы та­уарларына қатысты қолданылады. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ермұ­хан­бет Омаров қосымша баяндама жасады. Талқылаудан кейін палата депутаттары заң жобасын тұтастай мақұлдау туралы ортақ шешімге келді. «Табиғи монополиялар субъекті­ле­рі­нің қызметін реттеудің бірыңғай қағидат­тары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жө­нінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов баяндама жасады. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидатта­ры мен қағидалары туралы келісім 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Зейнулла Алшымбаев қосымша баяндама жасады. Заң жобасы толықтай мақұлданды. Бұдан кейін «Бәсекелестіктің бірың­ғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жо­басы талқыға шығарылды. Заң жоба­сы­ның мақсаты туарлы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Мәжит Есенбаев баяндама жасады. Бәсекелестіктің бірыңғай қағидатта­ры мен қағидалары туралы келісім 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде Кеден ода­ғына қатысушы мемлекеттер арасын­да жасалды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Сауырбай Есжанов қосымша түсінік бере келіп, әріптестерін заң жобасын қолдап дауыс беруге шақырды. Талқылаудан кейін бұл заң жобасы да толықтай мақұлданды. Жалпы отырыста «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыға са­лынды. Бұл заң жобасы бойынша Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Парламен­ті­нің Регламенті бойынша бірлескен комис­сияның мүшелері туралы Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров сөйледі. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынас­та­рын реттеу мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жо­басы бойынша Парламент Мә­жі­лісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім ко­миссия­сының ұсыныстарын қолдау ту­ралы палатаның шешімі шығарылды. Палата депутаттары Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қо­ры­­тындысын тыңдай келіп, Аманжол Нұр­­мағамбетовті Қазақстан Респуб­ли­касы Конс­титуциялық Кеңесінің мүшесі қыз­ме­тіне тағайындау туралы ортақ шешім шығарды.