10 Маусым, 2011

Абайла, айналайын!

477 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын әлемде 1,3 миллионға жуық адам жол апатынан опат болады екен. Сонда ғалымдардың есебіне қара­ған­да, жол-көлік оқиғалары әлем бой­ынша қайтыс болудың оныншы себебі көрінеді. Ал осы апаттар салдарынан туындайтын қайтыс болу мен жарақат алатындардың 90 пайызға жуығы та­быстары төмен және орташа дең­гей­дегі елдердің адамдары болып отыр. Әлемдік деңгейде жол-көлік апат­тарына ең көп ұшырайтындар 15-29 жастағы жастар. Онда қайтыс бола­тындардың тең жартысын жаяу жүр­гін­шілер, велосипед және мотоцикл жүргізушілері құрайды. Бұған қоса та­ғы көптеген адамдар түрлі жарақат ал­ып, өмір бойы мүгедек болып қалады. Жол апаттары қайғы-қасіретпен қо­са, адамдардың отбасыларына және тұ­тас алғанда елге экономикалық шы­ғын әкеледі. Ол шығындар көптеген елдерде, ұлттық өнімнің 1 % - 3% құ­райды. Кейбір елдерде бұл сан 5% жетуі де ықтимал. Сондықтан да Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблея­сы­ның 2010 жылғы 10 мамырдағы қарарына сәйкес ұлттық, өңірлік және жаһандық жағдайда жол-көлік оқиғалары кезінде қайтыс болу деңгейін азайту мен тұрақтандыру мақсатында 2011-2020 жылдар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттің онжылдығы ретінде жария етілді. Бұл «Іс-әрекетке он жыл» шарасы Жаңа Зеландиядан басталып және Мексикаға дейін ірі қалаларда жал­ғасын тапты. Сөйтіп онжылдықтың ресми нышаны ретінде жолдағы қау­іп­сіздіктің әлемдік қозғалысы сары белгі болып нақтыланды. Осы іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігі саласын­дағы тосын жағдайлар мен әлемдегі жол қозғалысы қаупінің алдын алу барысына назар аудару мақсатында өткізілуде. Бұл тұрғыдан алғанда, Қа­зақстан жол-көлік оқиғаларынан жа­рақаттану және одан қайтыс болу секілді өзекті проблемаларды шешуге бағытталған іс-ша­ра­ларға белсенді түрде атсалысуда. Жол-көлік оқи­ға­ларын ескерту бой­ын­ша іс-шараларға қа­тысу үшін Қазақ­стан Республикасы Денсаулық сақтау ми­нистрлігі мүдделі мем­­лекеттік органдар­мен 2011-2020 жж. жол қозғалысы қау­іп­сіздігін қамта­ма­сыз ету жөніндегі іс-әрекеттің он­жыл­ды­ғы бағдарламасының ведомствоаралық ұлт­тық жоспарын әзір­леді. Ондағы негізгі мақсат – жол-көлік оқиғаларынан опат болуды азайту, жа­рақаттанудан сақтау болып табылады. Аталған жоспарда мүдделі минис­тр­­лік­тер­дің өкілдерінің қатысуымен 2011 жылы 11 мамырда іс-әрекеттің онжылдығы кең көлемде өткізілуі, жол-көлік оқиғаларына шұ­ғыл араласуды артты­ру, жол-көлік оқиғала­ры­ның алдын алу бойынша ақпараттық матери­ал­дар­ды әзірлеу және шығару қызметтері қаралды. Ал «Іс-әрекетке он жыл» дайындық кезінде Денсаулық сақтау министрлігі «Жарақаттануды ес­кертуге болады. Әрекет жаса!» ұранымен тұрмыс­тық және жол-көлік оқи­ғасынан жарақаттанудың алдын алу бойынша ай­­­лық, «Назар аударыңыз, бағдаршам!» сөз сөйлеу және фотосессия, жол қозғалысының жас инспекторлары отрядтарының слеттері, оған қоса «Жас санитар», «Қауіпсіз дөңгелек» секілді қалалық байқаулар өткізілді. Ішкі істер министрлігінің баста­ма­сы бойынша елдің барлық өңір­ле­рінде 11 мамырда таяу онжылдыққа жос­пар­ланған әртүрлі іс-шаралардың бас­тауы болатын, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кең көлемді насихаттау ак­циясы ұйымдастырылды. Онда «Он­жыл­дық» шеңберінде ба­ла­ларды жол оқиғасынан қорғауда олар­­дың құқын сақтауға көңіл бөлу ұсы­нылып, нақты жобаларға жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жеке іс-шараларды біріктіруді, сондай-ақ жол қауіпсіздігі сала­сын­да халық­ара­лық ұйымдардың басқ­а­рушылық рө­лін ретке келтіруді қам­та­масыз ету ұйғарылды. Нұрлан БАТПЕНОВ, Денсаулық сақтау министрлігі травматология  және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры,  профессор, жол қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық үйлестіруші.