10 Маусым, 2011

Журналистердің тұңғыш спартакиадасы

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Спорттың түр-түрі қамтылған бұл жарысқа облыстағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олар осыған орай арнайы бөлінген «Шахтер» стадионының басты алаңдары мен залдарында командалық сай­ыстарға түсті. Ептілік пен күш, қабілеттілік пен қайраттылық сы­на­суда аймақ баспасөзінің қараша­ңырағы – «Орталық Қазақ­стан» газетінің қаламгерлері көз­ге көрінді. Шахмат пен дойбыдан, теннис пен білек тіресуден әріп­тестерін алдарына салмаған Аман Жанғожин, Мағауия Сембай, Ті­леуқабыл Байтұрсын команда­ла­рын жеңімпаз атандырды. Бұл бәсекеде жүлделі орын­дарды иеленген әуесқой спорт­шылардан құралған облыстық команда журналистер арасында Шым­кентте өтетін С.Бердіқұлов атындағы турнирге қатысады. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды.