10 Маусым, 2011

Cіз не дейсіз?

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ҮЗДІК БЕСТІКТІҢ ҚАТАРЫНДАМЫЗ Осыдан жарты жыл бұ­рын академик Манаш Қо­зы­баев атындағы Солтүстік Қа­зақстан мемлекеттік уни­­верситетінде (СҚМУ)бір­қа­тар студенттер қажетті балл жинай алмау себепті 5 мамандық бойынша аттестациялаудан өтпеді деп та­нылған болатын. Оның соңы түрлі әңгімелер туды­рып, кей факультеттер жа­былады, басқа жоо-ларға көшіріледі деген қауесет­тер­ге ұласқан-ды. «Егемен Қазақстанның» Солтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі Өмір Есқали аталған жоғары оқу орнының ректоры, академик Оңдасын Әшімовке: – Сіз бұған не дейсіз? – Иә, былтыр күзде Білім және ғылым министрлігінің ар­найы өкілдері болып, аттестация өткізген болатын. Сынақты 45 мамандықтың 40-ы сәтті тапсырып, тұтас­тай алғанда, студенттеріміз жо­ғары білім деңгейін көр­сете білді. Ал, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогика және бастауыш сыныптарды оқыту әдістемесі, қазақ тілі мен әдебиеті және психология мамандықтары бойынша аттестация жарамсыз деп есептелді. Осы мерзім ішінде сын-ескертпелерден орынды қоры­тын­ды шығарылып, келесі сы­наққа сақадай-сай дай­ындал­дық. Зертханалар мем­лекеттік стандартқа сәйкестендіріліп, базасы нығайтылып, ғылым мен өндірістің байланысына баса назар аударылды. Жуыр­да өткен аттестациядан 359 студенттің бірде-біреуі сүрін­ген жоқ. Орташа ұпай 95-тен айналды. Университет бой­ын­ша – 86,5 балл. Бұл – жаман көрсеткіш емес. Ми­нистр­ліктің бұйрығымен 5 жылдық мерзімге аттестациялаудан өтіп отырмыз. Бұдан СҚМУ-де студент­тер­дің үлгерімі нашар, білім сапасы төмен деген ұғым тумаса керек. Жыл сайын жоо-лардың рейтингі жарияланып отырады. Ол бойынша еліміздегі ең іргелі бес жоғары оқу орнының құрамына кіреміз. Былтыр оқу грантын ең көп иеленгендердің қатарынан кө­ріндік. Қазір бізде 11 мыңға жу­ық студент күндізгі және сырттай бөлімдерде өз білімдерін жалғастыруда. Солтүстік Қазақстан облысы.