Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротовпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Қ.Мәми биылғы 15-17 мамырда Санкт-Петербургте өткен, Сенат делегациясы қатысқан ТМД және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеялары мен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы іс-шараларының қорытындыларын жоғары бағалады.
Төрағаның пікірінше, ТМД елдері парламентшілерінің өзара тығыз іс-қимылы Достастық мемлекеттерінің ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсуге ықпал ететін болады.
«Біз Парламенттік Ассамблеялардың халықаралық беделін арттыруға және басқа парламентаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз», деді Қ.Мәми.