10 Маусым, 2011

Өзекті мәселелер қарастырылды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бас хатшысы – Хат­шылық кеңесінің жетекшісі Михаил Кротовты және ТМД Пар­ламентаралық Ассамблеясы Бас хатшысының орынбасары, Қа­зақ­стан Республикасы Парламентінің ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА өкілі Халел Бәкеновті қабылдады. Тараптар кездесу барысында 14 – 17 мамырда Санкт-Петер­бург қаласында өткен ТМД ПАА-ның 36-шы мәжілісінің қорытын­дысы, парламентаралық бірлестіктер шең­берінде ынтымақтас­тықты дамыту жайын талқылады. М.Кротов Мәжіліс Төрағасын ТМД ПАА Бас хатшысының Қа­зақстанға жасаған сапары ба­рысында қол қойылуға тиісті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті және ТМД ПАА ара­сын­дағы ынтымақтастық туралы келісім-шарт жобаларымен та­ныс­тырды. Келісім-шартта Ынтымақ­тас­қан мемлекеттер кеңістігінде ор­тақ білімдік сипат қалып­тас­ты­руға ықпал ету, халықаралық парламенттік ұйымдар мен басқа да қауымдастықтардың өзара қаты­настарының механизмдерін жетілдіру мәселелері бойынша бірлесіп жүргізілетін зерттеулер мен заң шығару моделінің ТМД ПАА аясында жүзеге асыры­ла­тын өзек­ті мәселелері қарасты­рыл­ған, деп хабарлады Мәжі­лістің бас­пасөз қызметі.