10 Маусым, 2011

Байланыс дамытыла түседі

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Еліміз Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­нов Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бруно Юрис Маклаковсты қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мәжіліс Төрағасы Латвия ел­ші­сінің Қазақстандағы дип­ло­ма­тиялық қызметінің басталуымен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы игілікті ісіне табыс тіледі. «Қа­зақстан Латвияны Балтық айма­ғын­дағы өзінің сенімді әріптесі санайды. Екі ел арасындағы қа­рым-қатынас өзара сыйластық пен түсіністікке құрылған. Біз Қа­зақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға­лық ету міндетін атқарған кезде және «Еуропаға жол» бағдар­ла­ма­сын жүзеге асыруда Балтық жағалауы елдерінің қолдау білдіргенін жоғары бағалаймыз», – деді Орал Мұхамеджанов. Кездесуде қос мемлекет ара­сын­дағы ынтымақтастық байла­ныс­ты әлі де дамыта түсуге мүм­кіндік бар екені айтылды. Екі елдің үкіметаралық комиссиясы құрылған. Жүзеге асып жатқан бірқатар келісімдер бар. Алдағы уақытта қол қойылуға тиісті келісімдер де жоқ емес. Қазақстан мен Латвия ара­сын­дағы парламентаралық бай­ла­ныс тұрақты дамып келеді. Кез­десуде екі елдің депутаттары арасындағы қарым-қатынасты жан­дандыра түсу мәселесі сөз болды. Мәжілісте достық тобы бар. Ол топтың мақсаты – екі елдің байланысы дамуына ықпал ету және заң шығару органының тә­жірибесімен алмасу. Латвия Пар­ламентінің депутаттары Қазақ­стан­да өткен халықаралық кон­фе­ренцияларға қатысып келеді. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына дай­ындығы туралы және осы меженің халқымыз бен мемлекетіміз үшін маңыздылығын айтты. Еліміздегі жүзеге асып жатқан Үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасы жө­нінде сөз қозғады. Өз кезегінде елші басты қызметі Қазақстан мен Латвия арасындағы экономикалық ынты­мақ­тастықты жақсарта түсуге үлес қосу екенін айтты. Қос мемлекетке де тиімді инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асуына ықпал етуге ынталы екенін білдірді. Саяси-мәдени байланысты өрістету жайлы ой-пікірлерін ортаға салды. Тараптар ынтымақтастық ая­сын кеңейте түсуге ықпал ететін құқықтық базаны нығайту мәсе­лелерін сөз етті. Осы орайда екі ел арасындағы келісім-шарттар­дың заң түрінде бекітілуіне дай­ындық жұмысын жасау қажет­тілігі атап көрсетілді. Мәжіліс Төрағасы Латвия елінің өркендеуіне және тұрақты дамуына тілектестігін білдірді. Кездесу соңында елші Мәжі­ліс Төрағасына латвиялық әріп­тесінің өз еліне арнайы шақы­руын табыс етті.