«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшылары Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті.
Батыс Қазақстан облысында орын алған қайғылы оқиға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымын да бейжай қалдырмады. Мұнайшылар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына 5 млн. 330 мың теңге аударды.
– Жерлестерімізге көмек көрсету бастамасын қызметкерлеріміздің өздері көтергеніне өте қуаныштымыз, – дейді Жетібай кен орнындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі топтың жетекші маманы Көкшеев Бердіғали. – Мұнайшылар өз тараптарынан бұл қайғылы оқиғаға белсенді көмек көрсетуді қолға алды.
– Біз, бір елдің азаматтары ретінде бір-бірімізге қолдау білдіруіміз қажет, – деді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ экономисі Семчев Георгий. – Жақындарым мен отандастарым алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, зардап шеккендерге көмектесу парызым деп шештім. Мен бұл арқылы өзімнің шетте қалмағанымды, көмектің қашан да болса келетінін, біздің күшіміз – бірлікте, достықта және өзара көмекте екенін көрсеткім келді!
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, аймақ тұрғындары және бүкіл қоғам алдында жоғары әлеуметтік жауапкершілік саясатын ұстанады. Компанияның әлеуметтік саясаты кәсіпорын дамуы жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады. 2010 жыл ішінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жалпы сомасы 5 миллиардтай теңге бөлді.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әлеуметтік бағдарламаларының көлемін үнемі ұлғайтады әрі олардың орындалу тиімділігін бақылауда ұстайды. Кәсіпорын өңірде тек мұнай мен газ өндіріп қана қоймайды, сондай-ақ облыс пен еліміздің дамуы мен гүлденуіне көрнекті үлес қосуда.
Есназар СҰЛТАНОВ.