11 Маусым, 2011

Жаңа жұмыс орындары ашылады

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атыраудағы мұнай өңдеу за­уытында бастау алған кезекті хош иісті көмірсутектер шығаратын ке­шен құрылысын қытайлық «Си­нопек Инжиниринг» компаниясы жүргізуде. Бұл компания аталған жобаға 1 миллиард 40 миллион АҚШ доллары көлеміндегі инвес­тициялық қаржыны игермек. Ал жоба аяқталғанда жылына 133 мың тонна бензол және бір жылда 496 мың тонна параксилол өнімдерін шығаруға қол жеткізілмек. Шетелдік компания басшы­лы­ғы осы жоба құрылысының жұмыстарына 1700 қазақстандық мамандар мен жұмысшыларды қа­былдауды көздеп отыр. Бұл ту­ралы облыс әкімі Бергей Рыс­қа­лиев пен қытайлық компания басшыларының кездесуінен кейін мәлім етілді. Өңір басшысының айтуынша, бұл мамандар бұрын «Аджип­ҚКО» компаниясының «Бола­шақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының құры­лыс жұмыстарында шыңдалған­дар. Қазір аталған жоба құры­лысы аяқталуымен шетелдік және қазақстандық жұмысшылар, мамандар жұмыстан қысқартылуда. Енді қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Атырау мұнай өңдеу зауытындағы кезекті жоба бойынша ашылатын жаңа жұмыс орындарына тартылмақ. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы.
Соңғы жаңалықтар

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • Бүгін, 15:35