IV республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды
Алматының Орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен IV республикалық қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқу байқауы өтті.
Оған еліміздің әр аймағында өткен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Ұзын саны – 70. Осынша жас қаридың байқауға қатысуы тұңғыш рет. Байқауды кіріспе сөзбен ашқан дінбасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысушыларға сәттілік тіледі.
Құрамына Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры Мұхаммед қари Жунди, қарилар Данияр Жұмабаев, Жұманазар Садырханов, Сәдуақас Олжабаевтар енген қазылар алқасына дінбасы төрағалық етті. Байқауды ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков жүргізді.
Байқау 5, 10 және 30 паралар бойынша жатқа, сонымен қатар, мәнерлеп оқу бойынша 4 топта өтті.
Жарысқа қатысушылардың дені 5 пара бойынша сынға түсті.
Алғашқы күні 4 топтағылардың барлығы да өз өнерлерін көрсетті. Көзге түскендері ішінен ақтық сында жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
5 пара бойынша балдық көрсеткіш негізінде: І орынды Нұрлан Сейтмаматов (Алматы қаласы), ІІ орынды Бейсен Нығмет (Нұр-Мүбарак университеті), ІІІ орынды Яхия Құрбан (Ақтөбе облысы); 10 пара бойынша балдық көрсеткіш негізінде: І орынды Серік Әмзеев (Ақмола облысы), ІІ орынды Бекжан Әлденов (Ақтөбе облысы), ІІІ орынды Назар Сұлтанбай (Астана қаласы); 30 пара бойынша балдық көрсеткіш негізінде: І орынды Бақтияр Қасымалиев (Алматы қаласы), ІІ орынды Ділмұрат Исрайлов (ОҚО), ІІІ орынды Бауыржан Есмұрзаев (Алматы қаласы); Қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп және көркем оқу байқауы бойынша балдық көрсеткіш негізінде: І орынды Батыр Тоқтамұратов (Жамбыл облысы); ІІ орынды Еркебұлан Байқабылов (Ақмола облысы); ІІІ орынды Тәкен Тұрдақынұлы (Қарағанды облысы) иеленді.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтарды дінбасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет тапсырды.
Республикалық Құран жарысының жеңімпаздары 2011 жылы қыркүйекте Астанада өтетін халықаралық Ислам конференциясы алдында ұйымдастырылатын халықаралық Құран жарысына қатысады деп жоспарлануда.
«Егемен-ақпарат».
-------------------------------------
Суретте: Құран жарысындағы қазылар алқасы.

Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07