14 Маусым, 2011

Жеңіске жетуімен құттықтады

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет басшысы Кәрім Мә­сі­мов Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдо­ған­ды Әділеттілік және даму пар­тия­сының парламенттік сайлауда жеңіске жетуімен құт­тық­тады. «Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоғанды Әділеттілік және даму партия­сы­ның парламенттік сайлауда же­ңіске жетуімен құттықтай­мын», – деп жазды К.Мәсімов өзінің Twitter-дегі жеке парақ­шасында. Еске салайық, дүйсенбіде Түр­кияда 15 саяси партияның қа­тысуымен Парламент сайлауы өткен болатын. Деректер бой­ын­ша, барлық дауыстардың тең жар­тысын Әділеттілік және даму партиясы жеңіп алған.