15 Маусым, 2011

«Менiң жанрым – күнделiк»

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа кітап КСРО және Қазақстанның ха­лық әртiсi, КСРО Мемлекеттiк сый­лығының лауреаты, даңқты актер Асанәлi Әшiмұлының «Алматы ақ­ша­мының» кiтапханасы» серия­сы­м­ен  «Менiң жанрым – күнделiк» атты екiншi кiтабы жарық көрдi. Бұл кітап тараулары «Алматы ақшамында» жариялана бастасы­мен-ақ оған оқырмандардың ықы­ла­сы ай­рықша болды. Редакцияға хат жазып, телефон шалғандардың ой-пiкiрi осындай бағыттағы дү­ние­лердiң жиi жариялануы жас ұр­пақ талғамын биiктетедi, ойын өсi­редi дегенге келiп саяды. Шы­нында атақты актердiң күн­делiгi оқыр­ман­ды өзiнiң ойлы­лығымен, терең­дiгi­мен, соны көзқа­рас­тарымен қы­зықтырады. «Арна» баспасынан жарық көр­ген кiтапта актердiң тек күнделiгi ғана емес, өнер иесі жөнiндегi әрiп­тестерi­нiң, қаламгерлердiң, қара­пайым оқыр­мандардың лебiздерi, әр жылдары бас­пасөз бетiнде жа­рия­ланған мақала, эссе, сұхбаттар да қоса беріліп отыр. Сонымен қа­тар, фотосуреттер шертер сыр да оқыр­мандарды бей-жай қал­дыр­­май­ды деп бiлемiз. Кiтаптың бета­ша­ры­на Ал­маты қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовтiң алғысөзi берiлген. «Егемен-ақпарат».