15 Маусым, 2011

Ынтымақтастықты нығайту жолында

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Таяуда Ұжымдық Қауіпсіз­дік Шарты ұйымына қатысу­шы елдер парламенттерінің қорға­ныс және қауіпсіздік комитеттері төрағаларының Мәскеу­де өт­кен Үйлестіру кеңесінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер ынты­мақтастығын одан әрі ны­ғайту мәселелері талқылан­ды, деп хабарлады Парламент Сенаты­ның баспасөз қызметі. Қазақстан Парламентінің де­пу­тат­тары Әмзебек Жолшыбеков пен Ғани Қасымов қатысқан оты­рыста жаһандық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы жағдайға талдау жасау, ақпарат алмасу, қауіп-қатерге қарсы ұжымдық қауіпсіздік күш-жігерін үйлестіру қажеттігіне назар аударылды. Талқылауға қатысушылар  ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын бірдейлеу мен үйлестіру мәселелеріне ерекше тоқталып, ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздігінің үш – Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия ай­мағындағы әскери-саяси жағ­дай­ды зерделеу туралы айтты. Терроризмге, экстремизмге, се­пара­тизмге, трансұлттық ұйымдас­қан қылмысқа қарсы іс-қимыл ба­рысында жаһандық есірткі қаупі­мен күресте күш-жігерді біріктіру қа­жет­тігі айрықша атап өтілді. Үйлестіру кеңесіне қатысу­шылар парламенттік байланыстар бойынша бірлескен күш-жігерді қалыптастыру туралы айтты, ол ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер ара­сындағы қорғаныс және қауіпсіз­дік саласындағы өзара іс-қимыл­ды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.