16 Маусым, 2011

«Екі халық – бір тағдыр»

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осы атауды иеленген кітап пен фотосуреттер көрмесі көпшілік назарына ұсынылды Ақтауда Әзірбайжан Республика­сы­ның Бас консулдығы ашылғаннан бері небір ізгі шараларға ұйытқы болып келеді. Соның бірі «Екі халық – бір тағдыр» атты кітап пен фотосуреттер көрмесінің тұсау­кесері болды. Кі­тап­тың авторы белгілі журналист Н.Задерецкая. Ал осынау достас екі халық­тың ынтымағы мен дос­тығын, түрлі салада­ғы берік байланы­сын, Маңғыс­тау мұ­найының 50 жылды­ғын сөз ететін кітаптың жарық көруіне Әзірбай­жанның Ақтаудағы Бас консулы Рашад Маммадов қолұшын берді. Кітап­тағы негізгі тарау ежелгі Ембі мен Баку мұнай­шы­лары арасындағы байланыс, әзірбай­жан­дық мамандардың Маңғыс­тауда мұ­най өн­ді­рісінің дамуына қосқан зор үлесі жайлы да сыр шертеді. Әңгі­меге арқау еткен азаматтардың біразы Бакудегі Азизбеков атындағы мұнай және химия инс­титуты­ның түлектері бол­са, олар бұл күндері өндіріс мекеме бас­шылары екен. Олар да өз кезегінде авторға да, консул­дық бас­шыларына да алғыстарын айтты. Туыстас, көршілес, еншілес екі елдің Тәуел­сіздік­терінің 20 жылдығы құт-бере­ке, өрлеу мен кемелдену кезеңі бола берсін деген игі тілектерін білдірді. Ал Маңғыс­тауда 40 жылға жуық еңбек еткен, бұл күндері облыс орталығын­дағы «Халық келісімі» қоғам­дық бір­лес­тігінің ақсақал­дары кеңе­сі­нің төр­ағасы, Ақтау қаласы­ның құрметті аза­­маты, «Достық» ордені­нің иегері Джамиль Ядуллаоглы Габи­бов­тың ойынша, мұндай іс-шаралар тату­лық­тың тірегі, достықтың дәнекері. Ал ол кітап болып жазылып, суреттер арқылы көр­мелерде көрсетілсе, құнды­лы­ғына баға жетер ме?! Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.