16 Маусым, 2011

Өз азаматтарының құқы мен мүддесін қорғау – мемлекеттің басты басымдығы

438 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Кеше «Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысы Бас про­курор А.Қ.Дауылбаев пен Ішкі істер министрі Қ.­Н.Қа­сы­мов­ты қабылдады. Кездесуге Президент Әкімшілігінің Бас­шы­сы А.Е.Мусин қатысты. Кездесу барысында күш құ­ры­лым жетекшілері Мемлекет басшысын «Нұр банк» АҚ-тың топ-менеджерлері Жолдас Темі­р­әлиев пен Айбар Хасеновті ұрлау және өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысы туралы хабардар етті. Кездесу басында Бас прокурор А.Қ.Дауылбаев тергеудің негізгі нәтижелері туралы ақпар бер­ді. Бұған дейін хабарлан­ға­нын­дай, Темірәлиев пен Хасеновті 2007 жылдың 31 қаңтарында Әлиев, Кошляк және басқа­лар­дың басшылығындағы ұйым­дас­қан қылмыстық топ ұрлап әкеткен болатын. Банкирлердің денелерін сол кезеңде табу мүмкін болма­ған­дық­тан, олардың өлтірілуі ту­ра­лы іс жеке өндіріске алынған еді. Осы уақыттың бәрінде іс бой­ын­ша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Темірәлиев пен Хасенов мәйіттерінің Ремизов шат­қа­лында көмілгені туралы осы жылдың 12-13 мамырында алын­ған жедел ақпаратқа сәйкес жүр­гізілген іздестіру шаралары ба­ры­сында әк салынған 200 литрлік  екі бөшкеден ішінара скелеттелген мәйіттер табылды. Белгіленген өндірістік іс бой­ынша молекулярлық-геном­дық сараптау қазақстандық, ресейлік мамандарға, сондай-ақ Германия сарапшыларына тапсырылған бо­ла­тын. Осы сараптамалар нәти­же­сі Темірәлиев пен Хасеновтің денелері табылғанын бірауыздан қуаттап берді. Құқық қорғау органдары­ның бірлескен күш-жігерінің нә­тижесінде қылмыс ашылды. Іс бойынша жинақталған ай­ғақ­тар қылмыстың қалай жасал­ға­нын толық қалпына келтірді. Мәселен, ұрлау кезеңінде Темір­әлиев пен Хасенов Әлиевтің иелігіндегі Науаи көшесінде орын тепкен резиденциясында ұсталса, олар сол жерде азаптау мен жә­бірлеуге салынған. Ұрлаудың онын­шы күні, 2007 жылдың 9 ақпанында Әлиев пен Кошляк банкирлерді лидокаин салу ар­қы­лы дәрменсіз күйге түсіріп, 002 нөмірлі «Ленд крузер» көлігімен резиденциядан алып шыққан. Әлиевтің тапсырмасымен Те­мір­әлиев  пен Хасеновтің сол жер­де болғандығын білдіретін із-айғақтардың бәрі жойылған. Атап айтқанда, банкирлерді кү­зет­кен Бекмұратов олардың киімдерін, Әлиев қолданған шприцтерді және басқа да айғақтарды өртеп жіберген. Бастапқыда өлтіру Әлиевтің Көлді кентіндегі агрофермасында жоспарланса, куәлердің көп бо­луына байланысты Әлиев пен Кошляк ұрланған адамдарды Ремизов шатқалына алып кеткен. Өлтіруді «Казтелерадио» АҚ-тың жоғарғы алаңында орналасқан «Казстройцентр» ЖШС аумағы маңында жүзеге асыру ниетін екі мекеменің де Әлиевтің иелігінде екендігімен негіздеуге болса, кешкісін сол жерге жасырын келуге мүмкіндік мол еді. Сонымен бірге, шығыс жағында бірнеше жыл бойы Әлиевтің бақылау­ын­дағы құрылыс алаңдарынан қо­қыс әкеліп төгілген ұра бар болатын. Қылмыскерлер Темірәлиев пен Хасеновті ұраға алып келгеннен кейін олардың басына поли­эти­лен пакеттер кигізіп, мойын­да­рына қолда бар материалдардан тұзақ жасап, қылғындырып өлтірген. Банкирлердің өлі денелері 200 литрлік бөшкелерге күштеп са­лын­ғаннан кейін мәйіттерді кеміріп, адам танымастай ету үшін үс­те­ріне әк құйылған. Бөшке­лер­дің өзі қоқыспен жауып тасталады. Келесі күннің ертесінен бастап Кошляк Темірәлиев пен Хасенов мәйіттері жасырылған жерге құрылыс қоқыстарының әкеп төгілуін тұрақты бақылауына ала­ды. Нәтижесінде, ұра жермен теңесіп, тегістеліп кетеді де, ішінде банкирлердің мәйіті бар бөшкелер 3-3,5 метр тереңдікте қалады. Іс бойынша жинақталған ай­ғақ­тар Темірәлиев пен Хасеновті Әлиевтің ұйымдасқан қыл­мыс­тық тобы ұрлап әкетіп, өлтіруі оқиғаларының үзіліссіз тізгекпен жалғасқанын айқын көрсетеді. Осыған байланысты Рахат Әл­иев пен оның сыбайластарына Қылмыстық кодекстің 96-ба­бы­ның 2-бөлігі бойынша  – аса ауыр жағдайда адам өлтірді деген айып тағылды. Сот оларды тұт­қындауға санкция беріп, ха­лықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта Бас прокуратура Австрияға аталған қыл­мыс­қа кінәлілерді экстради­ция­лау туралы өтініш жіберді. Бас прокурордың ақпаратын Ішкі істер министрі Қ.Н.Қасымов толықтырды. Ол тергеудің объек­тив­тілігін қамтамасыз ету мақ­са­тында 20-дан астам түрлі бағыт­та­ғы сараптамалар, оның ішінде, Ресей мен Германияда да белгіленгенін айтты. Барлық са­рап­тамалардың қорытындылары тергеу нұсқасын қуаттайды. Ремизовта табылған мәйіттердің Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтікі екені 100 пайыз нақты­лан­ған. 2007 жылы ұрлау туралы іс бойынша алға тартылған деталь­дар­дың мәйіттер табылғаннан кейін, яғни енді ғана ашылған жағдайлармен толық сәйкес келуі де үлкен айғақтық маңызға ие бо­лып отыр. Бұлар – тіс аппа­рат­тарының ерекшеліктері, ішкиім­дер­дің маркалары, тіпті Темір­әлиев­те болған сирек кездесетін омыртқа ауруы. «Шаритэ» Берлин медицина университетінің са­­рапшысы мәйіттердің бірін тексеру кезінде омыртқалардың де­формациясын көлденең тарт­қан. Тұтастай алғанда, Темір­әли­ев пен Хасеновті 2007 жылдың 9 ақпанында Әлиев пен Кош­ляк­тың өлтіргеніне көптеген айғақ­тар жинақталған. Одан әрі Бас прокурор А.Қ.Дау­ыл­баев қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мүд­десін көз­­дей­тін адвокаттар арқылы атал­ған адамдарды Австрия аума­ғында жолын кесіп тұт­қындау шараларын таңдау туралы мә­селе қойылғанын айтты. Алайда Әлиев жауапкершіліктен қашу мақсатында саяси диссидент имиджін қалыптастыруға ұмтылып отыр. Өзінің сайтында Қазақстан Республикасының лауа­зымды тұлғаларын дүниеде бар барлық күнәлармен күстәналай­тын қаралау материалдар орна­ластыруда. Шетелдерде оның айыптары мен ол ұсынған құжаттардың жал­ғандығы әшкере болғанына қа­рамастан, Әлиев түрлі бағыт­та­ғы жасанды әрі өтірік ақпарат­тар­ды таратуын жалғастырып жа­тыр.  Жақында БАҚ-тарда Қа­зақ­стан қоғам қайраткерлері­нің 2006 жылы толықтай ашыл­ған Алтынбек Сәрсен­баев­тың өлі­міне қатысты үндеуі жария­ланды. Бас прокуратура Алтынбек Сәрсенбаевтың өлтірілуі фактісі бойынша істің толық көле­мінде және объективті тергеліп, барлық кінәлілер тиісті жаза­ларын алғанын бүкіл жауапкершілікті мойнына ала оты­рып мәлімдейді. Тергеу мен сот қорытындыларына байланысты қан­дай да бір күмән туғызатын жаңа жағдайлар мен фактілер жоқ. Бұл іс сол кездің өзінде-ақ Бас прокуратура тарапынан көптеген мәрте қайта тексеріліп, ол бой­ынша тергеудің толыққандылығы аса мұқияттылықпен қамтамасыз етілген болатын. Оның үстіне, тергеуге АҚШ Федералды тергеу бюросының қызметкерлері тар­ты­­лып, олардың да тергеудің то­лықтығы мен объективтілігіне көздері жеткен еді. Бұл мәселе бойынша Рахат Әлиевтің мәлім­де­месі бар болғаны жұртшы­лық­тың  назарын өзінің кінәсі толық­тай дәлелденген істен аударып, жауапкершіліктен қашуға кезекті әрекеті болып табылады. Кездесу нәтижесі бойынша Мем­лекет басшысы Ішкі істер ми­нистрлігіне Бас прокуратурамен бірлесіп, қайта ашылған жағдайларды есепке ала отырып, мұқият тергеуді жалғастыру және банкирлерді өлтіруге кінә­лілер лайықты жазаларын тартуы үшін барлық қажетті шара­ларды қолдану туралы бірқатар тапсырмалар берді. Кездесу қорытындысында Мем­лекет басшысы жұртшы­лық­ты аталған қылмыстық істі тер­геудің барысы туралы тұрақты түрде хабардар етіп отыруға тап­сырма берді. Өйткені, мемлекет үшін өз азаматтарының құқық­та­ры  мен мүдделерін қорғау, заң­ды­лықты қамтамасыз ету жоғары басымдық болып табылады және заңды бұзған кез келген адам, қоғамдағы орнына қарамастан, заңның барлық қатаң талабы бойынша жауап беретін болады.