17 Маусым, 2011

Инвестиция – игергенге игілік

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қатты қалдықтар кәдеге жаратылады Ақтау қаласында қоқыстар­ды кешенді қайта өңдеу жөнін­дегі жо­баны жүзеге асыру кон­цеп­циясы­ның ресми танысты­ры­лымы бол­ды. Оған Еуразия­лық қайта құру және даму банкі мен «Кови Консалтинг» компа­ниясының өкілдері қатысты. Бұл аталмыш жоба өткен жылы бастау алып, оны дайындау туралы келісім-шартқа Маңғыстау об­лы­­сы әкімдігі мен Еуразиялық қайта құру және даму банкі өза­ра қол қойған-ды. Онда жалпы құны 23,8 млн АҚШ долларын құрай­тын жобаның жүзеге асы­ры­луы аймаққа көмілуге жата­тын қатты тұрмыстық қалдық­тардың көлемін азайтуға, улы газдардың зиянды әсерін қыс­қар­ту мен «Жасыл» энер­гия өн­діруге мүмкіндік беретіндігі айтылған-ды. Жобаның жү­зеге асырылу кезеңі 2011-2014 жыл­­дар деп белгіленген болатын. Оның бәрі сайып келгенде ха­лықтың әл-ауқатының өсуіне орай тұрмыстық қалдықтардың да кө­бейе түсуіне байланысты шараның бір парасы. Бұлай деуімізге «Кови» компаниясы ма­ман­дарының пайымдауынша, 2010 жылы қала­дан шығарылған қалдықтар бір тұрғынға 400 килограмнан келгені дәлел. Сондықтан да аталмыш компания бұл мәселені комплексті түрде шешу үшін бірнеше құнды ұсыныстар ұсынды. Ол – қалдық­тар­ды жинайтын контейнерлерді де, тасымалдайтын автокөліктерді де жаңарту. Өңдеу, айыру желісін іске қосу. Сол арқылы тұрғын­дардың қалдықтарды түрлі-түрлі контейнерлерге салуларын күт­пеуге болады екен. Жалпы тұр­мыс­тық қалдықтарды жинау, өң­деу және сұрыптау нәтижесінде қор­шаған ортаның экологиялық жағдайы жақсарып қана қоймай, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы кәдеге жаратыла­тын­дығына қоса, өндіріс процесі негізінде пластмассалық бұйым­дар шығарылатын болды. Аталмыш жобаның 2014 жылы Олимпиадалық ойындар өтетін Сочи қаласы үшін «қалдықсыз қала» концепциясы ретінде қабыл­дан­ғандығы  да айтылды. Сөйтіп, Ақтау қаласында қоқыстарды кешенді қайта өңдеу жөніндегі жоба Маңғыстау облыстық әкімдігі мен Еуропалық одақтың бірлескен нәтижелі жұмысы деуге болады. Облыс әкімі Қырымбек Көшер­баев жобаның аймағымыз үшін аса қажет те пайдалы екендігін тілге тиек етіп, Ақтау қаласы мен қаламен іргелес Мұнайлы ауда­нының әкімдеріне, тиісті басқар­ма басшыларына жаңадан са­лынатын қатты тұрмыстық қал­дықтар кешенінің құрылы­сын тездетуге орай нақты тапсыр­малар берді. Қорыта айтсақ, әсем қала маңындағы тау-тау қатты қоқыстар мен тұр­мыс­тық қалдық­тар­ды кә­деге жаратар күн де алыс қал­маған тә­різді. Жоламан Бошалақ, Ақтау .