17 Маусым, 2011

Атауларға абай болайық

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Іскер» орталығында Тіл комитеті «Мемлекеттік ономастика комиссиясының жұмысын жетілдіру» атты дөңгелек үстел өткізді. Онда ономастика мәселелері бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Дөңгелек үстел барысында ономастика саласындағы нор­ма­тивтік-құқықтық базаны жетілдіру жайы талқыланды. Оно­мастикалық жұмыстың құ­қық­тық негіздерін, қолданылу тетігін және іске асыру нысан­да­рын әзірлеу мәселесі көтерілді. Дөңгелек үстелге қатысқан Мәдениет вице-министрі Ға­зиз Телебаев көше, жер-су, аудан, ауыл аттарын қоюда ру­лық-аталық атаулардың бол­мау­ын, ондай атау қоюға өте мұқият болу керектігін айтып өтті. Облыстан, жергілікті жер­лерден келген ұсыныс­тар­ды республикалық комиссия қарауы керек, деді ол. Ал Байланыс және ақпарат министрлігінің Ұлттық ақпа­рат­тық технологиялары комитетінен келген өкіл элек­трон­ды үкімет бағдарламасы бой­ын­ша адрестік тіркелім ту­ра­лы айтып өтті. Ол адрестік тіркелім үшін атаулардың біркелкілігі маңызды екендігін, кейбір жерлерде 4 әріптен тұратын Абай атауының өзі 4 түрлі кездесетінін тілге тиек етті. Тіпті кейбір жерлерде хуторлар бар. Алайда. оларды ақ­параттық жүйеге салған кезде қиыншылық туғызады. Соңғы 20 жыл ішінде әр облыс әр­түр­лі атау мәнеріне түсіп ал­ды. Кейбір 50 адам тұратын ау­ылдар адрестік тіркелімге ен­гізілмей қалды. Бұл дұрыс емес. Қазақстанның демогра­фия­сын есептесек, көші-қон бар, яғни адамдар кейін қо­ныс­­тануы арқылы көбеюі мүм­кін. Сондықтан оларды да есепке алып, тіркеуіміз қажет, деді ол. Алқалы отырыста Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл облыстық тіл­дерді дамыту басқармалары ономастика бөлімдері ба­с­шы­ла­рының баяндамалары, сон­дай-ақ Астана мен Алматы қалалары мамандарының пікірлері тыңдалды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.