18 Маусым, 2011

Мария, Екатерина, Елизавета, Антонина

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылжар өңірінде төрт бала тү­гілі егіздің өзі сирек туады. Ал, об­лыс орталығына іргелес орна­лас­қан Бескөл кентінің тұрғыны Светлана Иванова нағыз алтын құрсақ ана атанды. Андрей есімді азаматпен отау құрған ол 10 жыл бойы тұла­бо­йы тұңғышын зарыға күткен екен. Енді, міне, 32 жа­сында боса­нып, 4 нәрестені дү­ниеге әкелді. Бә­рі де – қыз балалар. Есімдері – Ма­рия, Екатерина, Елизавета, Антонина. – Қазір сәбилердің жағдайы жақсы. Дәрігерлердің ерекше ба­қылауына алынған. Өзім ширек ғасырға жуық облыстық перина­тал­дық орталықта жұмыс істеймін. Мұндай қуанышты оқиғамен бірінші рет кезігіп отырмын, – дейді бас дәрігер Жанна Мауытова. Облыс әкімі Серік Біләлов пе­ри­наталдық орталықта арнайы бо­лып, жас ананың жағдайымен та­ныс­ты, сәбилерге бауы берік бол­сын айтып, тілектестік білдірді. Петропавл қаласынан үш бөл­мелі пә­тер берілетінін хабарлады. «Ұрпақ қоры» сертификатын та­быс етті. Бұл бағдарлама бойын­ша әр балаға арнайы есепшот ашылып, әрқайсы­сына 226 мың теңге мөлшерінде ал­ғашқы жарна аударылады. Сөй­тіп, 18 жасқа толғанша еселеніп оты­рады. Ішкі істер саласында ең­бек ететін әке де облыс орталығына қызметке ауыстырылатын болды. Облыс­тық ішкі істер департаменті де өз тартуларын жасады. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.