18 Маусым, 2011

Адалдық айнасы

528 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Адамгершілік – елден асқан ерлік те, жұрттан асқан көре­ген­дік те емес. Өзгенің де өзіңдей екенін ескеріп, талабын мұқату­дан тар­ты­натын мейірбандық. Ол – жа­ны­ның құнары бар, са­на­сының шы­ра­ғы барларға ғана тән қасиет. Бүгін­гідей саяси өлер­мендік, материал­дық ашқа­рақ­тық пен пайдакүнемдік бел ала бас­таған тұста адамгершілік, иман­ды­лық, адалдық, ізгілік тәрізді рухани құндылықтардың қа­жеттілігі айқындала түсері анық. Жараты­лыс пайымында осын­дай адами қасиеттердің дәні молынан себілген тұлғаларға қоғамның зәру бо­латыны да сондықтан. Жаратылысынан бүгілуді біл­меген, болымсызға үгілуге көн­беген, ойы мен ісі ізгі ниеттерге толы Серік Төрегелдин сондай аза­маттардың қатарынан табыла­ры­на сенімдімін. Оның себебі де жоқ емес. «Біреуді Құдай қосса, енді біреуді ноқта қосады» дейді ғой халқымыз. Бізді қосқан тарих­тың ашық аспан ас­тындағы ай­қара ашылған Ұлы Дала кітабына ай­нал­ған Ұлытау өңірінің Жезді өл­кесі. Ұлы Жібек жолының «Сары­су» тармағы өтетін осынау қасиет­ті топырақта бір жылда өмірге келіп, бір уақытта өсіп жетілдік. Ой­нап-күліп жүріп Үлкен Жезді өзені бойындағы Қара­то­ғай­да мен, ал Шағамбайда ол шөп шабумен айналысып, әлімізше үй­ге кө­мектес­тік. Бір мектептен білім алып, көкірек көрігімізді де аш­тық, Қарағанды политехни­ка­лық инсти­тутына бірге түсіп, түр­лі ма­мандық иелері атандық. Кейін де әр салада еңбек етсек те өмір ноқтамыз бо­саңсып не толық ағытылып кеткен тұстары болған емес. Иә, өмір болған соң, өріне шығып сүйіндік те, өзегіне түсіп күйіндік те. Толстой айтпақшы, «Өмір деген тек қана түзу жолмен жүру емес, сол түзу жолмен келе жатып бұры­лыс­қа келіп, бұрылыстан келе жа­т­ып құлап қалу, қайта тұру, қайта  жүру». Дегенмен, Серік Мәкен­ұлының өмір жолы әу бастан түзу түзілді деуге болады. Ата-анасы­нан, ғасыр жа­са­ған әжесінен бойына сіңір­ген тәрбие мен тәлімі және ол кісілер араласқан зиялы ортадан алған ғибраты С.Төрегел­динге үлкен сабақ болды. «Қасиет жұғыс, ақыл ауыс» деген нақыл сөздің айқын көрінісі де осы шығар. Студенттік жыл­дары ол бар­лық белсенді жастарға тән қоғам­дық жұмыспен әрі спортпен айна­лысты. Еңбек жолы да табысқа толы болды. Инсти­тут­ты тәмам­даған соң қызмет саты­сы құры­лыс учаскесі шеберінен бастап, рес­пуб­ликалық деңгей­дегі бас­шы­лық дәрежесіне дейін көте­ріл­ді. Қан­дай да бір қызмет атқар­ма­сын, ең алдымен, еңбек­ші­лер­дің мүддесін қорғауды көз­деді жә­не осы тұр­ғыда туын­да­ған қиын­шы­лықтар мен түрлі кедергілерді ең­серу ба­ғытында бір сәт те аян­ған емес. Бұл жолда талай «дөкей­лер­мен» шекісуге дейін барды, ол жөнінде және бұқаралық ақпарат құрал­дары жарыса айтып та, жазып та, көрсетіп те жатты. Мәселен, күніміз Мәскеуге қа­рап тұрған 1985-1990 жыл­да­ры Никольский (қазіргі Қараған­ды облы­сындағы Сәтбаев қала­сы) қа­ла­лық атқару комитетінің төраға­сы болып қызмет атқарған тұсын­да Серік Тө­ре­гелдин қала тұрғын­дары мен кен­шілердің тұр­ғын үй, мектеп, бала­бақша, жол жөндеу, коммуналдық шаруа­шы­лығы мә­се­л­елерін шешу тәрізді игі іс-ша­раларға мұрындық бол­ды. Ең ма­ңыздысы, ол қалалық атқару ко­митетінің арнайы шешімімен Жез­­қазған қалашығының тұрғы­лық­ты массивтерінің асты­нан руда алуға тыйым салды, сөйтіп, қауіпті тұрғын аймағынан 14 мың адамды көшіру мәселесін одақтық министрлікке, оның Жез­қаз­ған тау-кен металлургия ком­би­наты басшы­сына тікелей қой­ды, мұндай қажет­тілікке олар­дың көз­дерін жеткізу мақса­тын­да өз аты­нан «Казахстанская прав­да» газетіне «Столкновение» деген ат­пен ма­қала жария­лады. Бұл, әрине, бишікештерге ұна­мады, оны жан-жақ­тан қыспақ­қа алу басталды. Осы қиын-қыстау сәтте, С.Төрегелдин Министрлер Ке­ңесінің сол кездегі Төрағасы Нұр­сұлтан Назарбаев­тың тарапы­нан қол­дау тапты әрі ол кісінің кө­мегі­мен КСРО Министрлер Кеңесі­нің Төрағасы Николай Рыжковпен кездесіп, қоныс аударуға қажетті деген қаражат мәселесі оң шешілді. Сөй­тіп, қи­рап-бұзылуы ықтимал ай­мақ­тан тұрғындар жаңа орынға көшіріл­ді. Сонда ғой, Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы­ның: «Никольский қала­лық ат­қару комитетінің «тыйым салуы» да өз дегенін істеді. Одақ­тық министрлік пен оның Жез­қаз­ған тау-кен металлургия ком­би­натына оны­мен санасуына тура кел­ді. Қауіпті аймақта қалған қала­шық тұрғын­дарына жаңа шағын аудан салу басталды», – деп қала бас­шысы­ның батыл да қағидатты ұста­ны­мын атап өткені. Расында, сол кез­дері осындай ерлікке тән шарт-қи­мылға бара алатын қала­лық дең­гей­дегі басшылар некен-саяқ болатын. Серік Мәкенұлы Нұрсұлтан На­зар­баевтың қамқорлығын еліміз тәуел­­сіздігін алғаннан кейінгі жыл­дары да көріп жүрді. Сәтбаев қала­сы­ның әкімі болып тағайын­далған сәттен-ақ, ол бірден әбден шегіне жеткен өзекті мәселе­лер­дің түйінін тү­бе­гейлі шешуді қол­ға алды. Тың­ғы­лық­ты жұмыс­тың ар­қа­сында бір жылдың ішінде қа­ла тұр­ғын­дары шектеусіз электр энер­гиясын пай­да­­ла­нып, тек таза су ішетін болды, пәтерлерде жы­лу ор­нады, бюджеттік ұйым­дар­дың жал­ақы мен ком­муналдық қыз­мет түр­лері бойынша сан жыл­ғы қарыз­дары төленіп, жо­йыл­ды, қала күл-қоқыстан таза­рып, жасыл-желек кө­бей­ді. Ша­ғын  және орта бизнесті қор­ғау мен қолдаудың тың әдісін ой­лап тапты. Сөйтіп, ол Қазақ­стан­да ал­ғаш рет «Бақылау жасайтын орган­дар­дың келіп-кетуін есепке алу кі­табы» және оны қол­дану бо­йынша нұсқауды өз бетімен әзір­леп, бекітті. Бұл бақылау­шы органдар тарапынан тексеріс санын ед­әуір азайтуға ықпал етті. Кейін, 1996 жылғы сәуірде Мемлекет бас­шысымен кездесу бары­сын­да «Кітап» туралы баян етілгенде, Нұр­сұл­тан Әбішұлы бұл бас­таманы қол­дап, тиісті орын­дарға осынау озық тәжірибені таратуды тапсырды. Алайда, қарапайым халыққа жағымды С.Төрегелдин қолында би­л­ігі бар кейбір адамдарға және Жезқазғандағы алпауыт өндіріс бас­­шылығына аса жаға қойма­ды. Олар қалай да тынымсыз қа­ла әкімінен құтылудың амал­дарын іздестіре бас­­тады. Содан барып, бюджетті үнем­деу деген сылтаумен Сәтбаев қала­сының бюджетін Жезқазған қала­сына өткізуге жұмыс жасады және мұны кейін іске асырды. Әри­не, өз ақшаңа өзің ие бола алмаған соң, қандай істің де қиюы кетері анық қой. Осыны ескерген және әл­дебіреулердің жеке басы­ның мүд­десіне бола халықты күй­зелтпеуді ойлаған С.Төрегелдин қолынан келгенше мұндай бас­сыз­дыққа жол бермеу үшін жан­таласты. Тіпті, сол кезде мемлекеттік деңгейде үл­кен лауазымға ие, есімі елге таныс өзінің жерлесіне арнайы шы­ғып, одан кө­мек-қолдау сұра­ды. Ол ал­дымен емексіткенмен, кейін жалт берді, сөй­тіп, соңғы үміті үзілді. Со­ның сал­дарынан, Сәтбаевтың тұрғын­дары біршама жыл жетім бала­ның күйін кешті, өздеріне тиесілі үлестерінен ылғи да құр қалып жатты, адамдардың ре­ніш-өкпесі көбейді. Ақырында, келеңсіз жағ­дай­лар ушығып кетпесін деген оймен болу керек, Сәтбаев қала­сына өзінің бюджеті қайтарылды. Бірақ, көп адам­ның жүрегінде сызат, көңілінде қаяу қалды. Қалай болғанда да, мұндай келеңсіз жағдайлар Серік Мә­кен­ұлының көңіліне кірбің салғаны­мен, оның жігерін жасытпады. Халық мүддесін көздеуден, әділ­дікті ор­нық­тырудан, кемшіліктермен кү­ре­суден бір жаңылған жоқ. Мұны ақпарат құралдары арқылы С.Тө­регелдиннің Жез­қаз­ған облы­сы­ның баға және монопо­лияға қар­сы саясат бо­йын­ша комитеті­нің төр­ағасы, Қа­рағанды облысы бойын­ша ба­ға және монополияға қарсы саясат бойынша аймақтық коми­тет­­тің төрағасы, Индустрия және жаңа технологиялар ми­нистр­лі­гі­нің басқарма бастығы ретінде әр жылдары жасаған нақты жұмыс­тарынан жақсы білеміз. Бір мысал. Қарағанды облы­сы бойынша баға және моно­по­лияға қарсы саясат бойынша ай­мақтық комитет төрағасы лауа­зымына та­ғайындала салысымен ойланбастан монополияға қарсы заңна­ма­ны бұзушыларға келіспеушілікпен қарау саясатын мық­тап жүр­гізе бастады. Заңсыз табыстары­нан қа­ғылғандар, әри­не, қарап қалма­ды. Олар түрлі себептерді алға тартып Жоғары тәртіптік кеңеске, Бас прокура­тураға, сот орган­да­ры­на Серік Мәкенұлының үсті­нен шағым­дар түсіре бастады. Алайда, ол көрсетілген қысым­дар­ға қа­ра­­май, өзінікі дұрыс екенін батыл дәлелдеп, облыстық прокуратурада, Бас прокуратурада жоғары сот инстанциясы бо­лып табыла­тын Жо­ғарғы Сот төралқа­сында істі же­ңіп шы­ғып,   дау­лар­ға нүкте қой­­ды. Бұл Қа­зақстан көле­міндегі бұрын-соң­ды болма­ған жағдай еді. Содан да болар, С.Төре­гел­дин­нің бұл «тен­тектігі» кейіннен оның қыз­меті­нен шеттетілуіне әкеліп соқты. Дегенмен, «Аққа Құдай жақ», ара­ға шама­лы уақыт салып оны бұл қыз­метке бүгінгі облыс басшы­лы­ғы ар­найы шақы­рып алды. Қа­зір мұн­да дау-дамай басылған, әр­кім өзіне тиесілі жұмыстарын ел игілігіне бағыттап атқаруда. Мақала басында қоғам ша­лым­ды тұлғаларға зәру дегенімде, мен Серік Мәкенұлы секілді азаматтар туралы тым аз айты­латы­нын ескерткім келіп еді. Неге екені белгісіз, біз шенеуніктерді қол­дағаннан гөрі, олар­ды даттауға дайын тұра­мыз. Иә, шенеуніктер ортасының ала-құлалығы,  ара­ла­рын­да мемлекеттік қызметке кез­­дейсоқ келіп қалғандарының ба­ры еш құпия емес. Сонымен бір­ге, өз ісіне шын жүректен жа­ны аши­тын, елі, жері үшін басы ауырып, балтыры сыз­дайтын, халыққа қыз­мет етуге қа­шанда дайын, қолы пәк, ары таза мемлекеттік қызмет­шілер туралы ай­тып, жазып, көрсетіп жүру­ді бір сәт ұмытпаған жөн деп білемін. Мына мақала соның бір бас­та­масы ретінде әрі көп жылы сөзді со­ңы­нан айтатын әдетімізден ау­лақ бо­лайық деген ниетте жазы­лып отыр. Олай болса, бір-бірі­мізді қол­­дап жүрейік, ағайын! Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Астана.