18 Маусым, 2011

Озық үлгілердің маңызы аталды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатында Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің хатшысы Серік Ақылбай бастаған депутаттар «Групп 4 Секурикор» компаниясының аймақтық атқарушы директоры Виллем Антониус Хенрикус Ван ден Вэнмен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында бостан­дық­ты шектеуге байланысты емес, сондай-ақ қамауға алуға ба­ла­ма жазаларды қолдану сала­сындағы алдыңғы қатардағы халықаралық тәжірибені енгізу мәселелері талқыланды. Компанияның атқарушы ди­ректоры депутаттарды топ қыз­меті туралы хабардар етіп, қо­ғамдық және жеке қауіпсіздік саласындағы жұмыс тәжірибесі, сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, сот процестеріндегі тәртіпті ұйымдастыру, абақтылар мен арнайы мекемелерді басқару туралы әңгімеледі. Кездесуде әлемдегі табысты тәжірибелерді, әсіресе, айып­талушылардың мінез-құлқын, шартты түрде сотталғандар мен шартты түрде мерзімінен бұрын босағандарды бақы­лау­ды жетілдіру бөлігінде құқық қорғау органдарының қыз­ме­ті­не ин­но­вациялық технология­лар­ды ен­гі­зудің маңыздылығы атап өтілді.