Әдетте күнтізбелер уақыттан озыңқырап жарық көреді. Қажет кезінде пайдалану үшін ол тұтынушы-оқырманның қолына ертерек тиюі керек. Осындай мақсатпен алдағы 2012 жылғы арналған «Қазақ күнтізбесі» «Қазақстан» баспа үйі» баспасынан жарыққа шықты.
Ұқыпты адамға, тіпті бір отбасына, мекемелерге жыл бойы серік болатын, қызмет ететін осынау құрал-кітап жыл сайын қолға тигенде, осы күнтізбені өз қолымен жасап келе жатқан қарымды қаламгер Нұрмахан Оразбекке риза боласың. Ұлтымыздың бір кұндылығына айналған осынау бір шаруаны мынау тиын санаған заманда пайдасы жоқ деп жолға тастамай, жалғап келе жатқанына (кезінде бір-екі жыл үзіліс те болған) рахмет айтасың.
Жалпы күнтізбені шығару оңай да шаруа емес екен. Оны шығарушылардың айтуына қарағанда, ең қиыны тарату көрінеді. Жарық көрді ғой, жұрт ертелі-кеш ала жатар дейтін емес, ол келесі жылдың басына дейін тұтынушының қолына тимесе мәнін жояды. Бұрынғы жоспарлы заманда пошта арқылы тараса, қазір баспаның өзі таратады. Ал оған баспаның мүмкіндігі тым шектеулі. Осындай керек дүние жарыққа шығыпты, оны өз аймағымыздың халқына жеткізуге мұрындық болайықшы дейтін басшы азаматтар табылса деп армандайды баспагерлер.
Енді осы күнтізбенің мазмұнына аз-кем тоқталған жөн болар. Ең алдымен ол күннің шығуы мен бату мерзімін дәл көрсететін құрал ретінде шаруа баққан адамның қажетін өтейді. Жалпы уақытын қадірлейтін адам үнемі оған қарап отырады.
Ал біз, қалыптасқан дәстүр бойынша күнтізбеден елімізде болған айтулы оқиғалардан, есімін ел қадірлейтін қайраткерлеріміздің өмірінен, әсіресе олардың мүшел тойы қарсаңдарында мағлұматтар алуды жөн санаймыз.
Жалпы мүшел той дегенде, сол ардақтыларымыздың 70, 80, 90 жастарын атаған жөн ғой, сөйтсе де ғасырлық жастың орны бөлектеу. Сол алдағы жылда талай қайраткерлеріміздің 100 жылдықтары атап өтіледі екен. Ең алдымен қазақтың атын әлемге танытқан ұлы тұлғамыз Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығы жыл басында атап өтіледі. Күнтізбенің екі беті осынау оқиғаға арналыпты. Мұны да ұлы тұлғаға орынды баға дерсің.
Атақты өнер тарландары, жезтаңдай әншілеріміз Күләш Байсейітова мен Жамал Омарованың, мың бұралған бишіміз Шара Жиенқұлованың, ғылымның биігіне көтерілген Шапық Шокин мен Уфа Ахметсафин сынды ғалымдарымыздың, еліне өлшеусіз қызмет еткен саяси қайраткерлеріміз Фазыл Кәрібжанов пен Ілияс Омаровтың 100 жылдықтарын еліміз атап өтеді, олардың өмірлерін жас ұрпаққа өнеге етеді.
Олар туралы жазудың да түрлі жолы бар. «Қазақ күнтізбесін» құраушылар әдеттегідей тым ресмилеп, олардың атқарған ісін толық тізіп шығуға бой ұрмай, еркіндеу, сол тұлғаларымыздың қоғамдағы орнын адами тұрғыда сипаттап көрсетуді жөн санағаны да орынды-ау дерсің. Әңгіме назар аударуда. Жан-жақты мағлұматтарды басқа жақтан іздеуге жол ашуда.
Күнтізбені ақтарған адам одан көп нәрсе табады. Басқару өнері жайлы ұлылардың ұлағаты, ғылым салалары, көп тараған ауруларды қарапайым емдеу жолдары, бабалардан жеткен сөз, қазақтың мақал-мәтелдері, езу тартқызар әзілдер, балаларға – базарлық, залалы жоқ, пайдасы көп кеңестер – бәрі осында және де ресми емес, жаныңа жақын тиер қарапайым да шұрайлы тілмен өрнектеліп жазылған.
Бұл күнтізбе-кітапты алған адам өкінбейді, көп адамға оның қажеттігі бар. Тек бір өкініш – таралымы аз, бар-жоғы 8 мың (оның 2 мыңы мемлекеттік тапсырыс). Одан да өткен өкініш – сол аз деп қомсынған таралымның өзінің өтуі қиын көрінеді.
Мамадияр ЖАҚЫП.

Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Олимпиада • Бүгін, 11:55
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Әскер • Бүгін, 11:45
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді
Бокс • Бүгін, 11:18
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Олимпиада • Бүгін, 10:48
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Реформа • Бүгін, 09:10
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05
Саясат • Бүгін, 09:03
Пікір • Бүгін, 09:00
Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?
Талбесік • Бүгін, 08:55
Экспорт • Бүгін, 08:50