25 Маусым, 2011

Қаржылық бақылаудың пәрменділігі

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жә­нібек Кәрібжанов «Мемлекеттік қаржылық бақылау – эко­номиканы тұрақтандыру құралы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысып жатқан қаржылық бақылаудың жоғары органдары басшыларымен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Кездесуде Ж.Кәрібжанов мемлекеттік қаржылық бақылауға қатысты ең өзекті мәселелерді біліктілікпен талқылаудың маңыз­ды­лығын айта келіп: «Биыл Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Ал Есеп комитеті құрылғаннан бері 15 жыл бойы өз қызметін атқарып келеді. Экономиканы тұрақтандыруға үл­кен үлесін қосып отыр. Мұн­дай ауқымды жұмыстар жасауға жағдай жасалған. Оның ішінде қажетті заңдар, нормативтік құ­қық­тық актілер қабылданды. Бұл салада жұмысымызды әлі де жалғастырамыз. Есеп комите­ті­нің қызметін жетілдіру керек. Мы­салы, жуырда ғана заң қабыл­данды, онда республикалық бюд­жеттің атқарылуын бақылау жө­нін­дегі Есеп комитеті жергілікті бюджеттердің қалай орындалып жатқаны туралы мәлімет алуға құзірет алды»,  деді. Кездесуде сөз алған рес­пуб­ликалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп коми­тетінің төрағасы Омархан Өксік­баев өзі жетекшілік ететін ұжымның тыныс-тіршілігі ту­ра­лы, шетелдік меймандармен тә­жі­рибе алмасу барысы жайлы ай­тып берді. Шетелден келген меймандар да өз пікірлерін ортаға салды. «Егемен-ақпарат».