28 Маусым, 2011

Мерейтойға дайындық барысы қаралды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Қазақстан Тәуел­­сіз­дігінің 20 жылдығын өт­кізу жөніндегі мемлекеттік ко­мис­­сия­ның жұмыс топтары жетекшілерімен кеңес өткізді. Астана мен облыстардағы ме­рейтойлық іс-шаралар өткізу жө­нін­дегі жұмыстар туралы ақпа­рат­пен Премьер-Министрдің орын­­­басары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Астана қаласы­ның әкімі Иманғали Тасмағам­бетов жә­не Мәдениет министрі Мұх­тар Құл-Мұхаммед сөз сөй­леп, алда­ғы жоспарлар жайына тоқ­талды. Кеңесте өткен алты айдың ішін­де мерейтойлық жылдың Жалпы­ұлт­тық іс-шаралар жоспарын іске асырудың қорытындылары жасал­ды. Сондай-ақ, елорда күніне жә­не ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғын мерекелеу шеңберінде облыс­тар мен Алматы қаласының Ас­та­надағы мәдениет күндеріне да­йын­дық және оларды өткізу мәсе­лелері қаралды. Қ.Саудабаев мерейтойлық жыл бағдарламасы шеңберіндегі бір­қатар маңызды шаралардың сәтті өткізілгеніне тоқтала келіп, «Мем­­­ле­­кетіміздің басшысы атап өткен­дей, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі Жалпыұлт­тық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру еліміз бен оның әрбір өңі­рі­нің осы жылдар бедеріндегі та­быстарын айшықтап қана қоймай, Қа­зақ­станның одан әрі әлеу­мет­тік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуына, халқы­мыз­дың әл-ауқатының артуына айтарлықтай серпін беруі тиіс. Мерейтойлық жылдың әрбір күні мақтаулы істермен және жасам­паз­дықпен, осы тамаша мерекеге барша қазақ­стан­дықтардың тікелей қатысты болуымен есте қалуы қажет», – деп атап өтті. Кеңесте жұмыс топтарының жетекшілері Қазақстан Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығын мере­ке­леудің жалпыұлттық жоспарының іс-шараларын мерейтойға дейінгі мерзім ішінде жоғары деңгейде ұйымдастыру және мазмұнды өт­кізу қажеттілігіне аударды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.