30 Маусым, 2011

Балташыға интеграл не керек?

322 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жаппай орта білім беру бізде міндет болып есептеледі. Негізі бұл міндет оқушы мен мұғалімге ортақ. Бірақ жауапкершілік біртіндеп мұғалімге қарай ығысып, «оқығысы келсе де оқытасың, оқығысы келмесе де оқытасың», талабы күшейеді. Мұғалім білім беруге арналған біраз уақытын, күшін баланың неліктен сабаққа келмейтінін анықтауға, ата-ана­лар­ды іздеуге т.с.с. жұмыстарға сарп етеді. Ата-аналар да әртүр­лі. Бірі түсіністікпен әрекет етсе, екіншісі «болса болсын, болмаса бордай тозсын» қағидасын ұста­на­ды. Оқығысы келмейтін бала­ны мұғалім «сүйрелеп» жүріп оқытып (оқытқан болып), әй­теуір бір «үштік» бағасын қоюға мәжбүр болады. Мектептің оқы­ту көрсеткішін төмендетпеу үшін «екілік» қоя алмайды.  Сөйтіп, мұғалім зерек балалар­дың талан­тын аша түсуге арналған күш-қуатын осындай «кертартпа» жағдайлармен күресуге жұмсай­ды. Бұл – бір. Екінші мәселе – оқу бары­сын­да берілетін артық ақпарат (информация). Оқу үрдісінің мақ­саты ақпаратты үйіп-төгіп беру емес, мейлінше керек ақпа­ратты оқушы өзі ізденіп таба алатын­дай жүйеге, әдіске, логикаға үй­рету. Және де оқушылардың  бәрі ғылым қуып, жоғары оқу жолына түсіп кетпейді, біразы жұмысшы кәсібін (балташы, ас­паз­шы, жүргізуші, тас қалаушы, т.б.) қалайды.  Соңғыларына  жо­ғарғы сыныптарда интеграл, физика мен химияның күрделі заңдылықтары сияқты ілімді оқыту бос әурешілік. Артық ақпаратты тықпыштап, оны жаттата беру оқушыларды да жалықтырады. Осыдан келіп, «ғылым – түсініксіз, білім – жаттап алу екен» деген түсінік қалыптасады. Орта білім беру 10 жылдық­тан 11 жылдыққа ауысқанда осы өзекті мәселелердің де «са­қалы» бір жылға ұзарды.  Енді орта білім беру 12 жылдыққа ұзартылмақ. Осыған орай, ай­тайын дегеніміз мынау. Біздің ойымызша, жал­пы білім беру екі сатыға бө­лінуі керек: сегіз жылдық база­лық білім беру болса, екінші саты­да орта білім беру (қазіргі жү­йе бо­йынша 11 жылдық) бұған оқуды жалғастыруға қабілеті барлар қалдырылғаны жөн. Жанбай ӨЗДЕНБАЕВ.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025