02 Шілде, 2011

Рахмет!

360 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Ұлы дүбірлі Астана тойының қарсаңында редакция поштасына еліміздің әр түк­пі­рін­дегі қазақстандықтардан алғысқа толы хат­тар келіп түсуде. Ол хаттар сантүрлі та­қырыпты қозғағанымен, ортақ түйіні біреу. Ел тұрғындары Қазақстанның қазіргі даму ба­ғы­тына, жеткен жетістіктеріне ризашы­лық­тарын білдіреді. Көпке ортақ сол шапа­ғат­тың жемісін жеке  бастарының да көріп жатқандығын айтады. Көптеген хат иелері осы жетістіктердің бар­лығын Елбасының елімізде жүргізіп жат­қан сарабдал  саясатының жемісі ретінде ба­ғалап, Мемлекет басшысына ақжарма кө­ңіл­ден туған алғыстарын жеткізеді. Төменде солардың бірқатарын жариялап отырмыз. Шынайы қамқорлық көрінісі Қазіргі кезде әлемнің көп­­теген елдерінде қаржылық қи­ын­дықтар болған уақытта, Қазақстан­да Елбасы, пар­тия­мыздың Төр­аға­сы Нұр­сұлтан Әбішұлы На­зарбаев­тың бас­тамасы бой­ын­ша бюджет саласы қызмет­кер­лерінің жал­ақы­сы жыл сайын көте­рі­ліп келеді. Оған қоса, президенттік индустриялық-ин­но­ва­­циялық даму стратегия­сы­ның іске асы­рылуының арқа­сында, бүкіл ел бойынша жыл сайын жүздеген жаңа өнді­рістер, мың­даған жаңа жұмыс орындары да ашылып, жаңа мектептер, бала­бақ­шалар са­лы­нып жатыр. Осының барлығы – Елба­сының әр бастамасының нақ­ты орындалуының айқын дә­лелі және Елбасының өз хал­қына деген шынайы қамқор­лығы. Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары. Мен тәуелсіз елдің қызымын! Мен ата-анамнан жастай айы­рылып, Алға балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан едім. Бірде бізге Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Бектас Бекназаров келіп, барлығымыздың жағдайы­мыз­бен танысып, облыстық сот Алға балалар үйін өз қамқор­лы­ғына алатындығын мәлімдеді. Содан бері көпшілігіміздің, әсі­ре­се менің өміріме мейірімділік шуағы төгіле бастады. Мектеп бітірген соң облыстық сотқа жұ­мысқа орналастым. Заң кол­леджі­нің 2-курсында ақысыз негізде сырттай оқып жатырмын. 2010 жылдың күзінде Ақтөбе облысының соттарында жұмыс істейтін өзге ұлт мамандары ара­сында өткізілген қазақ тілі сайы­сында бар өнерімді көрсе­тіп, облыс басшылығының қо­лы­нан темір тұлпарды иелендім. Қазақ тілін жай біліп қана қоймай, еркін сөйлейтін деңгейге жетсем деген ұмтылысым осылай мемлекет тарапынан қолдау тапты. Жақында Жоғарғы Сот Төр­аға­сы  қатысқан үлкен жиында облыс әкімі Елеусін Сағын­дықов маған салтанатты түрде жаңа пәтердің кілтін тапсырды. Мен қарапайым украин қы­зы­мын. Маған көрсетіліп жатқан көмек Елбасының салиқалы әлеу­меттік саясатының жемісі деп білемін. Елбасының бас­қа­руымен қарқынды дамыған Қа­зақстанды бірлесе құру мүм­кіндігінің бол­ға­нына қуаныш­тымын. Мемлекет басшысының Жол­дауында айтылғандай, біздің елімізде адам басты байлық екендігіне менің өмір жолым, маған жасалынып отырған мемлеке­ті­міздің қамқорлығы айғақ болып табылады. Алланың мейірімі мен рақы­мы төгілген Елбасыны халық­тың алғысы мен батасы қолдап, әлем алдындағы мәртебесі одан сайын асқақтай берсін. Нұр­сұл­тан Әбішұлына және отбасына зор денсаулық, таусылмас бақыт тілеймін! Мені «соттың  қызы» деп әріптестерім  әзілдейді. Мен соттың ғана емес, тәуелсіз елдің қызымын.  Мұны мен зор мақ­та­ныш тұтамын. Любовь ЧЕМЕРИС, Ақтөбе облыстық сотының маманы. Еңбегімнің жемісін көрдім Мен Нұрсұлтан Назарбаевпен тәуелсіздіктен бұрынғы жыл­дардан бері таныспын. Қыз­мет барысында кездесіп жүрдік. Елі­міздің саяси өмірі де, эко­но­микасы да өзгерістерге толы  болған 90-шы жылдардың ба­сында  Президенттің ұсыны­сы­мен мен еліміздің Ауыл ша­руашылығы министрі болып тағайындалдым. Реформаларды бастаған ауыр жылдар еді. Біраз жұмыстар атқардық.  Кейін өзім көп жыл еңбек еткен Қостанай облысына келіп, «Заречный» үлгі-тәжірибе шаруашылығын басқардым. Мен мұнда келгенде, 1960-1970 жылдары өзім  негізін бастаған ылғал сақтау технологиясын аяғына дейін жеткізуді ойладым. Қазір осы ылғал жабу тех­но­логиясын облыста  және респуб­ликада барынша насихат­тау­ды қолға алғанмын. Жаңа технология бойынша жерді күтіп-баптаудың нәтижесінде облыс­та өткен қуаң­шылық жылдары  диқан қамбасы бос қалмады. Жер­ді өңдеудің жаңа тәсілі арқа­сында  өнім алу бір жарым есе артты. Айтайын дегенім, Нұр­сұл­тан Әбіш­ұлы жыл сайын Қос­танай өңірін аралағанда біздің ша­руа­шылыққа соғады. Астық ал­қа­бын аралап көреді. Қос ба­сында ди­қандармен кездескенде де  мен бастаған ылғал жабу техноло­гия­сын олардың кеңінен пайдалануын қолдайтындығын білдіреді. Бір жиында Нұрсұлтан Әбіш­ұлы: «Өз еркімен өндіріске қайта оралып, оны гүлдендіріп жіберген жалғыз министр Двуреченский ғана. Ал сендерге тек шенеу­ніктік қызмет керек», депті. Президентіміздің аузынан шық­қан бұл сөзге, менің атыма ар­нал­ған жылы лебізге, шынымды айтсам, желпініп қалдым. Оның жыл сайын шаруашылыққа соғатыны, «ұлық болсаң, кішік бол» дегендей, адамгершілікпен, қарапа­йымдылықпен  хал-жағдайым­ды сұрап тұратындығы маған ерекше күш-жігер беретінін жа­сыр­ғым келмейді. Биыл об­лыс­та 500 мың гектарға жақын жер осы жаңа технологиямен өң­дел­ді. Оның үстіне көктің нұры да жауып тұр. Қостанай диқан­да­ры  егіннің бітік шығарына, мол астық өндіреріне сенімді. Ал­тын күз кезінде Президент  Нұр­­сұлтан Назарбаевтың Қос­та­най өңіріне жолы түссе екен деп ойлаймыз. Ол келген сайын белуардан келіп өскен астықты Президентпен бірге аралаймыз. Онымен егін шаруашылығы­ның жетістігі мен  әлі де өзекті деген  мәселелерін туған жердің төсінде тұрып  талқылаймыз. Шіркін, осындай сәттер мені шуақты сезімдерге бөлейді. Бар ынтаммен кіріскен игі ісімді қолдаған Президентті де, екінші отаным болып кеткен қазақ жерін де қалай жақсы көрмейсің! Валентин ДВУРЕЧЕНСКИЙ, Қостанай ауыл шаруашы­лығы ғылыми-зерттеу институтының директоры. Қостанай облысы.